---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/12/06/%d3%a9skemen-t%d2%b1r%d2%93ynyn-aldap-10-mln-te%d2%a3ge-nesie-al%d2%93yz%d2%93an-alaya%d2%9b-%d2%b1staldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өскемен тұрғынын алдап, 10 млн теңге несие алғызған алаяқ ұсталды

![Өскемен тұрғынын алдап, 10 млн теңге несие алғызған алаяқ ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/12/664588572243c483720092.jpeg)

**Өскемендік әйел кездесіп жүрген жігітіне 10 млн теңге несие алып берген, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алайда ол бұрын сотталған алаяқ болып шықты.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 жастағы қала тұрғыны полиция хабарласқан. Өз сөзінде ол бұрын бірге тұрған жігіті ірі көлемде несие алғызып, қайтармай жүргенін жеткізді.

> — Белгілі болғандай, ер адам әуелі түрлі сылтаулармен бірнеше рет ақша сұрап, белгіленген мерзімде қайтаратынын уәде еткен. Алайда қайтарғанның орнына тағы да қарыз сұрай берді. Жәбірленуші сол үшін өз атына бірнеше банктен несие рәсімдеген. Осының салдарынан оған келтірілген жалпы шығын мөлшері 10 млн теңгені құрады, — делінген ақпаратта.

Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды.

Осы ретте, полицейлер азаматтарға өз қаражатыңызды басқаға берген кезде аса сақ болу қажеттігін ескертеді. Тіпті бұл өтінішті жақын адамдарыңыз немесе таныстарыңыз жасаса да. Егер күдікті әрекеттерге тап болсаңыз немесе алаяқтықтың арбауына түссеңіз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

*Фото: freepik*

---

Жарияланды: 2024-12-06T06:50:32+06:00

Жаңартылды: 2024-12-06T06:50:32+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/12/06/%d3%a9skemen-t%d2%b1r%d2%93ynyn-aldap-10-mln-te%d2%a3ge-nesie-al%d2%93yz%d2%93an-alaya%d2%9b-%d2%b1staldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.