Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Қатерлі ісікке сәтті жасалған ота зейнеткердің өмірін сақтап қалды: Алматы дәрігерлері күрделі медициналық қатерлерді қалай еңсереді

admin by admin
4 декабря, 2024
Қатерлі ісікке сәтті жасалған ота зейнеткердің өмірін сақтап қалды:  Алматы дәрігерлері күрделі медициналық қатерлерді қалай еңсереді

Алматы қаласының *№ 7 Қалалық клиникалық ауруханасының* дәрігерлері, басқа клиникалардың бас тартуына қарамастан, өте күрделі диагнозы бар 65 жастағы пациентке ота жасады.

Байланысты

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

Жетінші аурухананың нейрохирургтары өте күрделі ота жасаудың озық тәжірибесін жинағаны көпшілікке белгілі, ол үшін клиникада барлық жағдай жасалған, барлық қажетті заманауи жабдықтармен жасақталған. Бірақ бұл жолы анестезиологиялық сүйемелдеуді жүргізген анестезиолог дәрігерлердің жоғары кәсіби біліктілігі мен ерен еңбектерін айрықша атап өткен жөн. Өйткені, үйлесімді командалық жұмыстың, нейрохирургтар мен анестезиологтардың үздіксіз өзара іс-қимылының арқасында аса күрделі ота сәтті жасалды. Бұл туралы 7 ҚКА баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл отаның өзге оталардан күрделілігі неде? Пациент қарт адам, диагнозы « мида көлемі аса үлкен ісік», бұл әрине өте мұқияттылықты, біліктілікті талап ететін ауқымды жұмыс. Кейіннен гистологиялық зерттеу ісіктің қатерлі екенін растады. Алайда, бұл оның жалғыз сырқаты емес еді. Пациенттің бірқатар қосалқы ауруларының болуы жағдайды қиындатады. Пациенттің өкпесінде тыныс алу функциясының жеткіліксіздігіне әкеп соқтырған метастаза бар; бүйректі алып тастау бойынша бұрын жасалған операция (тек бір ғана бүйрек жұмыс істейді), сондай-ақ жүрек қызметінің жетіспеушілігі де бар. Бір жыл бұрын ол жүректің тәждік артериясын шунттау отасын жасатқан және жасанды ырғақ стимуляторы орнатылған.

Дәрігерлер оның өмірлік көрсеткіштеріне сәйкес отаға алуға шешім қабылдады. Науқастың ауыр жағдайына және асқыну қаупінің жоғары болуына қарамастан, дәрігерлер бұл оның өмірін құтқарудың жалғыз мүмкіндігі екенін түсінді.

Ең басты қиындық лайықты анестезиологиялық құрал таңдау болды. Пациенттің әрбір қосалқы ауруларының болуы, ерекше сақтықты талап етеді. Анестезиологтар тобы науқастың салмағын, жасы мен жалпы жағдайын ескере отырып, препараттардың мөлшерін мұқият есептеп алды.

«Әрбір препарат жүрекке, бүйрекке және тыныс алу жүйесіне түсетін жүктемені азайту үшін мұқият таңдалды. Ота барысында гемотрансфузия — қан құю қажет болды, ал қысымды қалыпты деңгейде ұстап тұру ол өзінше бір міндет болды. Біз қабылдаған шешіміміз дұрыс болды және біз пациентке өмір сүруге екінші мүмкіндік бергенімізді мақтан етеміз», — дейді 35 жылдық тәжірибесі бар № 7 қалалық клиникалық аурухананың *анестезиолог-дәрігері Болат Мырзахметов.*

Операция бірнеше сағатқа созылды. Нейрохирургтар асқынуларды болдырмай, қатерлі ісікті сәтті алып тастады. Анестезиолог мамандардың кәсіби біліктілігінің арқасында науқас наркоздан ауырлықсыз шықты. Зейнеткер отаны тек жақсы көтеріп қана қоймай, көп ұзамай өз аяғымен үйіне шықты.

Buy JNews
ADVERTISEMENT
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Tesla және SpaceX инвесторы TrustMe-ге инвестиция салуға дайын — біздікілерді қолдайық!

Келесі жаңалық

Көктемгі су тасқынының жаңғырығы: Jusan Garant төтенше жағдайларды жою кезінде батып кеткен, қарда да, батпақта да жүретін көлік үшін 36 млн. теңге төледі

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі  өз жұмысын бастады
Денсаулық

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

5 июня, 2026
Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Денсаулық

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

28 мая, 2026
Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады
Денсаулық

Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады

22 мая, 2026
Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Көктемгі су тасқынының жаңғырығы: Jusan Garant төтенше жағдайларды жою кезінде батып кеткен, қарда да, батпақта да жүретін көлік үшін 36 млн. теңге төледі

Көктемгі су тасқынының жаңғырығы: Jusan Garant төтенше жағдайларды жою кезінде батып кеткен, қарда да, батпақта да жүретін көлік үшін 36 млн. теңге төледі

Халыққа қатысатын бюджет» жобасы бойынша абаттандырылған алаңдар мен аулалар Алматы тұрғындарын қуантады

Халыққа қатысатын бюджет» жобасы бойынша абаттандырылған алаңдар мен аулалар Алматы тұрғындарын қуантады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ақтөбеде екі ер адам такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен жол апатына түскен

Ақтөбеде екі ер адам такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен жол апатына түскен

24 апреля, 2021
Air Astana «Белавиа» әуелайнерлерінің ұшақтары неліктен Нұр-Сұлтаннан бір уақытта ұшқаны туралы айтты

Air Astana «Белавиа» әуелайнерлерінің ұшақтары неліктен Нұр-Сұлтаннан бір уақытта ұшқаны туралы айтты

28 октября, 2021
Алматы облысында педофил өмір бойына сотталды

Алматы облысында педофил өмір бойына сотталды

3 мая, 2021

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі
  • Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
  • Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.