---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/12/03/sh%d2%9bo-da-aliment-t%d3%a9lemegen-adam-al%d2%93ash-ret-t%d2%afrmege-%d2%9bamaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ШҚО-да алимент төлемеген адам алғаш рет түрмеге қамалды

![ШҚО-да алимент төлемеген адам алғаш рет түрмеге қамалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/12/93e64140fc70eb1c.jpeg)

**Шығыс Қазақстан облысында алимент төлемеген адамға бірінші рет бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 43 жастағы ер адам кәмелетке толмаған баласына алимент төлемегені үшін 9 айға бас бостандығынан айырылды. Оның алимент бойынша қарызы 2 миллион теңгеден асқан.

«Ол өз міндеттерін орындаудан бірнеше рет жалтарып, ескертулерге қарамастан еш әрекет етпеді. Сондықтан сот органдары оған қатаң шара – бас бостандығынан айыру жазасын қолдану туралы шешім қабылдады. Бұл жағдай алимент төлеу бойынша міндеттерін жүйелі түрде орындаудан жалтарып жүрген адамдарға қандай санкциялар қолданылатынын көрсетеді», — делінген ақпаратта.

Заңнамаға сәйкес, алимент төлемеудің салдары айыппұлмен ғана шектелмей, қылмыстық жауапкершілікке, тіпті бас бостандығынан айыру жазасына әкеліп соғады. Шығыс Қазақстанда мұндай жаза бірінші рет қолданылып отыр.

Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері алимент төлемеу фактілері бойынша сотқа 36 қылмыстық іс сотқа жолданған.

*Фото: Nes / Getty Images *

---

Жарияланды: 2024-12-03T05:03:24+06:00

Жаңартылды: 2024-12-03T05:03:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/12/03/sh%d2%9bo-da-aliment-t%d3%a9lemegen-adam-al%d2%93ash-ret-t%d2%afrmege-%d2%9bamaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.