Қазақстан делегациясы ЕАТ-тың Үндістанда өткен Пленарлық отырысына қатысты

Қазақстан делегациясы ЕАТ-тың Үндістанда өткен Пленарлық отырысына қатысты

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Индаур қаласында Топтың құрылғанына 20 жыл толуына арналған ЕАТ-тың 41-Пленарлық отырысының қорытындылары шығарылды.

Қазақстан делегациясы АЖ/ТҚҚ саласындағы қаржылық технологиялар инновациялары бойынша, сондай-ақ заңды тұлғалардың ақшаны жылыстатуға қатысу тәуекелдерін бағалау жөніндегі семинарларға қатысты.

Оқыту іс-шараларына қатысу жаңа технологиялық құралдарды қолдану арқылы АЖ/ТҚҚ фактілерін анықтау және ұйымдарға ақшаны жылыстатудың ықтимал қатерлеріне терең тексеру жүргізу бойынша алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені зерттеуге мүмкіндік берді.

Пленарлық отырыс аясында Ресей, Қытай, Үндістан және БАӘ делегацияларымен екіжақты кездесулер өтті.

Ынтымақтастықты кеңейту бойынша келесідей мәселелерде келісімдерге қол жеткізілді:

Пленарлық отырыстың қорытындылары бойынша:

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстанның экономикалық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

ҚР ҚМА баспасөз қызметі