Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында тазалық акциялары жалғасуда

admin by admin
29 ноября, 2024
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында тазалық акциялары жалғасуда

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы басталған уақыттан бері тазалық акцияларына,  тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерін вандализм іздерінен тазарту іс-шараларына жалпы саны 251 мыңнан астам адам атсалысты.

Байланысты

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

Атап айтқанда, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, волонтерлар, жастар, шағын және орта бизнес өкілдері, жалпы облыс тұрғындары белсене қатысты.

Бүгін, 29 қарашада облыс жастары Талдықорған қаласының Өтенай ауылында «ЭКОквест» экологиялық квест ойынын ұйымдастырды. Шараға белсенді жастар, Талдықорған қаласының кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының студенттері, ауыл тұрғындары жалпы 100 адам қатысты. Жаңашыл форматтағы шараның мақсаты – жастар мен жасөспірімдерге қоршаған орта мен табиғат тазалығының қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, оған өз үлестерін қосуға ықпалдасу. Бұл шараға эко-белсенділер мен ауыл тұрғындарынан құралған 15 команда қатысты. 5 локация бойынша өткен ойын Өтенай ауылының орталық аллеясының аумағын қоқыстан тазалаумен қатар, жастарды шапшаңдық пен ұтқырлыққа тәрбиелейді. Қатысушы командалар белгіленген орынды тазалап, ең көп қоқыс шығарудан бәсекеге түсіп, сонымен қатар ойын барысында танымдық сұрақтарға жауап беріп, түрлі кедергілерден өтеді. Викториналық сұрақтар Жетісу өңірінің тарихы, табиғи маңызды орындары мен киелі жерлері туралы қойылды.

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Тимур Губашев: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен «Таза Қазақстан» акциясы кең ауқымды республикалық деңгейге ие болғанын атап өткім келеді. Біз бұл әрекетті көшедегі тазалықты сақтау ретінде ғана емес, сонымен қатар өзімізді таза ұстау ретінде қабылдауымыз керек. «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі идеясы – барлық қазақстандықтар қолдауы тиіс жаңа экологиялық және қоғамдық этиканы қалыптастыру», — деп атап өтті.

«Қазақстан студенттер альянсы» Жетісу облыстық филиалының төрағасы, эковолонтер Ескендір Имандос: «Сәуір айынан бастау алған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс жастарының ұйымдастыруымен 500 аса шара өтті. Жастардың бойына игі істерді дарыту барысында олардың қызығушылықтарын ескеріп, біз тазалық жұмыстарының пайдалы әрі қызықты бола алатынын көрсеткіміз келеді. Жастардың жаңа ортасы тазалыққа жақын болса, келесіде осы қатысушы өзінің тағы бір досын ертіп келеді. Сөйтіп, тазалыққа жақын, туған жерін аялайтын нағыз жанашыр жастарды қалыптастыра аламыз. Осы тұста «Таза Қазақстан» бағдарламасының қоғамға берері зор екенін айтқым келеді», — деді.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы 2 322 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 12 822 тонна қоқыс шығарылды. 193 саябақ пен скверді, 721 тарихи-мәдени ескерткіштерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Бағдарлама аясында облыс аумағында 56 мыңнан астам түп көшет отырғызылды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының мәліметі бойынша дайындалды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Келесі жаңалық

Жылына +36%: Қазақстандағы қысқы көлік бөлшектері қалай қымбаттады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда
Категориясыз

«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
Жылына +36%: Қазақстандағы қысқы көлік бөлшектері қалай қымбаттады

Жылына +36%: Қазақстандағы қысқы көлік бөлшектері қалай қымбаттады

Байланыс болашағы: сарапшылар Қазақстанда IPv6-қа көшуді талқылады

Байланыс болашағы: сарапшылар Қазақстанда IPv6-қа көшуді талқылады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алексей Цой: Қазақстанда дәрігерлер 200-800 мың теңге жалақы алады

Алексей Цой: Қазақстанда дәрігерлер 200-800 мың теңге жалақы алады

12 марта, 2021
Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа кірді

Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа кірді

21 июля, 2022
Жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті

Жазушы Несіпбек Дәутайұлы өмірден өтті

30 августа, 2021

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.