---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/11/29/dollar-euro-men-rubldi%d2%a3-b%d2%afgingi-ba%d2%93amy-%d2%9bandaj/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

![Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/11/7-28-1024x576-1.webp)

**Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 — 517 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Ұлттық банктің 29 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 513,00 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,69 теңге. Еуро — 541,16.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 511,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516,5 теңге. Еуро 534,5 — 541,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 507 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 535 теңгеден сатылып, 543 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,75 — 4,91 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 28 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 12,63 теңгеге қымбаттап, 513,05 теңге болған.

 

---

Жарияланды: 2024-11-29T06:05:42+06:00

Жаңартылды: 2024-11-29T06:05:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/11/29/dollar-euro-men-rubldi%d2%a3-b%d2%afgingi-ba%d2%93amy-%d2%9bandaj/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.