Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Әр адамға қатысы бар мәселе: Алматы ауасының ластануы туралы фильмнің премьерасы

admin by admin
29 ноября, 2024
Әр адамға қатысы бар мәселе: Алматы ауасының ластануы туралы фильмнің премьерасы

Алматыда режиссер Қанат Бейсекеевтің «Алматы? Түтінмен өмір сүруге бола ма?» атты деректі фильмінің премьерасы өтті.

Байланысты

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

Фильм «Almaty Air Initiative» қорының жұмысы аясында түсірілген. Бұл жоба Алматының ауа сапасын және экология жағдайын жақсартуға бағытталған, болашақта республика деңгейінде іске асырылмақ. Жобаны inDrive-тің негізін қалаушы Арсен Томский мен Sergek Group компаниясының тең құрылтайшысы, Freedom Telecom бас директоры Қайрат Ахметов ұйымдастырды. Фильм Алматы ауасының ластануы мен оның қала тұрғындарының денсаулығына тигізетін ауыр зардаптарын баяндайды.

Көрсетілім алдында Арсен Томский, Қайрат Ахметов, «Almaty Air Initiative» қорының жетекшісі Жұлдыз Сәулебекова және фильмнің режиссері Қанат Бейсекеев сөз сөйледі.

«Алматы? Түтінмен өмір сүруге бола ма?» деректі фильмі қарапайым тұрғындарының, ғалымдардың, экологтар мен дәрігерлердің, автокөлік иелері мен фильм авторларының Алматыдағы түтін мәселесіне қатысты пікірлерінен құралған. Біреулер бұл мәселенің экономикалық жағын сөз етсе, енді біреулер жағдайдың бұдан әрі нашарлайтынын айтып, көшіп кетуді ойластырып жүргенін айтады. Кейбіреулер үшін ауа сапасын зертханалар мен датчиктер арқылы зерттеу күнделікті жұмысқа айналса, енді біреулері болып жатқан жағдайды қалыпты нәрсе деп қабылдайды. Қанат Бейсекеевтің шығармашылық көзқарасы ауаның ластануы мәселесінің қала тұрғындарының күнделікті тіршілігіне қаншалықты енгенін көрсетеді.

Режиссер Қанат Бейсекеев өзін толғантқан мәселе туралы: «Біз де, біздің балаларымыз да бір ауамен тыныс аламыз, ал экологиясы таза жерде өмір сүру мүмкіндігі – әр адамның басты құқығы», — деп пікір білдірді. — «Бұл жоба жеке өзім үшін сынақ болды. Алдымен ғалымдардың жүйелі шешім қажет екенін дәлелдеуге жылдар бойы күш салып жүргенін көріп, көңілім түсіп еді. Бірақ енді мен бұл жағдайды диалог және ортақ күш-жігер салу арқылы өзгерте алатынымызға сенемін. Біз бұл қаладан кеткіміз келмейді, өйткені оны жақсы көреміз және дамытқымыз келеді».

Фильм 2024 жылы қор жүргізген зерттеу нәтижелеріне негізделген. Зерттеу бойынша, алматылықтардың 57%-ы соңғы жылдары ауа сапасының нашарлағанын атап өтсе, 42%-ы өз аудандарындағы жағдайды нашар немесе өте нашар деп санайды. Мегаполистің әр алтыншы тұрғыны экологиялық жағдайға байланысты көшіп кетуді ойлап жүр. Бұл көрсеткіштер мәселенің қаншалықты өзекті екенін және адамдардың таңдауына қалай әсер ететінін айқындайды.

«Almaty Air Initiative» қорының атқарушы директоры Жұлдыз Сәулебекова кешенді тәсілдің маңызын атап өтті: «Ауа мәселесі, басқа да әлеуметтік қиындықтар сияқты, саяси ерік-жігерді, инфрақұрылымды өзгертуді және қоғамның қолдауын талап етеді. Біздің жобаларымыз осы процестерді технологиялар, өнер, білім/ғылым және мемлекетпен ынтымақтастық арқылы жеделдетуге бағытталған. Фильм осы жолды көрсетеді: өнерді пайдалана отырып, біз барлық тараптарды тартып, диалог бастаймыз».

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Көрсетілімнен кейін көрермендер фильм авторларымен, экологтармен және белсенділермен пікірталасқа қатысты. Талқылау Алматының экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындарға таза ауада өмір сүру құқығын қайтару үшін мәселе шешімін іздеуге бағытталған маңызды қадам болды.

Фильмді онлайн көру үшін сілтемеге өтіңіз және мәселеге қатысты пікіріңізді жазыңыз.

Almaty Air Initiative (AAI) қоры туралы
Almaty Air Initiative (AAI) – Алматының ауа сапасына қатысты мәселесін шешу үшін құрылған жеке қор. Оның қызметі зерттеулер жүргізуге, экологиялық жағдайды бақылауға және Қазақстанда экологиялық әділет қағидаттарын нығайтатын жобалық модельді әзірлеуге бағытталған. Қордың негізін қалаушылар – inDrive негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томский мен Sergek Group IT компаниялары тобының тең құрылтайшысы және Freedom Telecom бас директоры Қайрат Ахметов.
Қордың қызметі туралы толығырақ ақпаратты www.air.org.kz сайтынан біле аласыз.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Кино – өмір айнасы: «Еуразия» қатысушыларының жүрекке жетер оқиғалары

Келесі жаңалық

Семіздік эпидемиясы немесе мектептегі тамақтанудың жаңа тәсілдері

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады
Категориясыз

Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады

15 мая, 2026
Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды
Категориясыз

Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды

14 мая, 2026
Қазақстандағы саяжай маусымы: қала сыртындағы жылжымайтын мүлікке сұраныс қалай өсті
Категориясыз

Қазақстандағы саяжай маусымы: қала сыртындағы жылжымайтын мүлікке сұраныс қалай өсті

14 мая, 2026
Келесі жаңалық
Семіздік эпидемиясы немесе мектептегі тамақтанудың жаңа тәсілдері

Семіздік эпидемиясы немесе мектептегі тамақтанудың жаңа тәсілдері

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбеюде

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 819 адам жұқтырған

4 декабря, 2020
Роман Скляр Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына қатысты

Роман Скляр Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына қатысты

22 марта, 2025
Қазақстан IT саласындағы алпауыттарды артқа тастап, WSIS Prizes 2025 байқауында жеңіске жетті

Қазақстан IT саласындағы алпауыттарды артқа тастап, WSIS Prizes 2025 байқауында жеңіске жетті

7 июля, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
  • АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
  • Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.