---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/11/28/bukmekerlik-ke%d2%a3selerge-audar%d2%93an-a%d2%9bshany-%d2%9bajtaryp-alu%d2%93a-bola-ma/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Букмекерлік кеңселерге аударған ақшаны қайтарып алуға бола ма

![Букмекерлік кеңселерге аударған ақшаны қайтарып алуға бола ма](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/11/kazahstanskie-gossluzhashhie-voennye-i-policzejskie-teper-ne-mogut-hodit-v-kazino-bizmedia.kz_.jpg)

**Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитетінің баспасөз қызметі Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған азаматтарға, яғни құмар ойын, бәс тігуге тыйым салынған азаматтарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> — Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2024 жылғы 15 қарашада таратқан баспасөз релизін кейбір БАҚ және әлеуметтік желі қолданушылары қате түсініп, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде (ББТ) тұрған азаматтар букмекерлік кеңселерге аударылған қаражаттарын қайтарып ала алады деген жалған ақпарат таратқан. Комитет бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарады, — делінген хабарламада.

«Ойын бизнесі туралы» заңның 15-бабы, 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, ББТ-да тіркелген азаматтарға құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға толық тыйым салынған. Егер құмар ойындарға немесе бәс тігуге заңсыз қатысу анықталса, ойын бизнесін ұйымдастырушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алайда, бұл әкімшілік шаралар аударылған ақшаны мәжбүрлеп қайтаруды қарастырмайды.

Комитет ББТ-да тұрған азаматтарды құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан аулақ болуға шақырады және олардың мұндай әрекеттерден өздерін қорғау қажеттігін ескертеді.

> — Комитет букмекерлік кеңселердің шоттарына аударылған қаражаттарды қайтарумен айналыспайды және мұндай қызмет көрсетуге уәкілетті емес. Егер қаражатты қайтаруға қатысты даулар туындаса, азаматтарға сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне жүгіну керек. Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, сотқа шағымдану ұсынылады, — деп түсіндірді ведомство.

*Фото: unsplash.com.*

---

Жарияланды: 2024-11-28T08:05:22+06:00

Жаңартылды: 2024-11-28T08:05:22+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/11/28/bukmekerlik-ke%d2%a3selerge-audar%d2%93an-a%d2%9bshany-%d2%9bajtaryp-alu%d2%93a-bola-ma/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.