Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

Владимир Путиннің Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы туралы мақаласы жарияланды

admin by admin
27 ноября, 2024
Владимир Путиннің Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы туралы мақаласы жарияланды

Бүгін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Qazaqpress.

Осы орайда, еліміздің беделді басылымдарының бірі — «Казахстанская правда» газетінде мақаласы жарияланып, іргелес мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы ойын жеткізді.

Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы барлық салада белсенді түрде дамып келе жатыр. Екі елдің серіктестігі достық, тату көршілік және өзара көмек дәстүрлеріне сүйенген. Сонымен қатар қарым-қатынас өзара теңдік пен мүддені құрметтеудің берік қағидаттарына негізделген.

Байланысты

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

«Мемлекетаралық байланыстың жоғары деңгейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірлескен жұмыс жылдарында қалыптасқан тығыз және мейірімді жеке қатынастар куәландырады. Біз үнемі қоңырау шалып, әртүрлі форматтарда кездесеміз. Екіжақты өзекті мәселелерді талқылап, күн тәртібінде тұрған өңірлік және жаһандық проблемалар туралы пікір алмасамыз, келешекке жаңа жоспарларды да белгілейміз. Ең бастысы — Қазақстан Президентімен әрқашан нақты нәтижеге бағдар қоямыз. Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының одан әрі сенімді дамуы, елдеріміздің өркендеуі, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету тұрғысында қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз», — деп жазды В. Путин.

Владимир Путин Ресей — Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

«Ынтымағы жарасқан Қазақстан мен Ресей — еуразиялық экономикалық интеграцияның белсенді жақтаушылары. Біздің мемлекеттеріміз Еуразиялық экономикалық одақ құрудың бастауында тұрды. Оның аясында біз тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, капиталдың ортақ нарығын дамытып отырмыз, реттеушілік және сауда кедергілерін жою бойынша ауқымды жұмыс атқарып келеміз. Ортақ көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту ісін де қолға алдық. Мұның бәрі экономиканың түрлі салалары бойынша тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді және біздің елдерімізге елеулі пайда әкеледі», — деп аталып өткен В. Путин мақаласында.

Сонымен қатар ол екіжақты тауар айналымының көрсеткіштері көңілге сенім ұялататынын атап өтті. Мәселен, былтыр бұл салада жаңа рекорд орнап, 28 миллиард доллар деңгейінен асып түсті, ал биылғы қаңтар-қыркүйек айларында 20 миллиард доллардан асты. Өзара сауда құрылымы үнемі әртараптанып келеді және қосылған құны жоғары шикізаттық емес өнімдердің үлесі көбеюде. Сонымен қатар, өзара есеп айырысудағы ұлттық валюталардың үлесі тұрақты түрде артып келеді. Бұл екі ел арасындағы алыс-берісті сыртқы, соның ішінде саяси жағдайлардың жағымсыз әсерінен қорғауға мүмкіндік береді

«Қазақстан экономикасына тартылған Ресей инвестициясы да жылдан-жылға өсіп жатыр. Бүгінде оның көлемі шамамен 13 миллиард долларға жетті. Қазақстанда ресейлік іскер топтардың қатысуымен 23 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Екі елдің компаниялары өнеркәсіптік кооперация мен жоғары технологиялар саласында бірқатар бірлескен ірі жобаларды іске асырып отыр. Соның арқасында экономиканы кешенді жаңғыртып, қос мемлекеттің технологиялық егемендігін нығайтуға ықпал ететін толық индустриялық циклдің жаңа өндірістері жолға қойылып жатыр», — дейді РФ Президенті.

Оның пайымынша, мұнай-газ секторындағы ынтымақтастық та сындарлы сипат алған. Каспий құбыр консорциумының арқасында Қазақстан экспорттайтын мұнайдың 80 пайыздан астамы Ресей аумағы мен ресейлік порттар арқылы Қара теңізбен шетел нарығына жеткізіліп отыр. Қос мемлекеттің энергетикалық компаниялары көмірсутек кен орындарын бірлесіп игеріп, энергия ресурстарын өңдеуді, құбыр жүйесін кеңейтуді жолға қоя білді.

«Атап айтқанда, «Росатом» Қазақстанға ядролық отын тізбегінің жобаларын іске асырып, уран өнеркәсібін дамытуға тәжірибелік тұрғыдан көмек көрсетіп келеді. Мамандарының білім-білігі мен техникалық шешімдері әлемде теңдессіз саналатын аталмыш мемлекеттік корпорация Қазақстан тарабымен жаңа ауқымды жобаларды іске асыруға дайын. Балама, «таза» энергетика саласы мен қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне қарсы күрес бағыттарында да ынтымақтастықтың жарқын келешегі бар», — деді В. Путин.

Өзара экономикалық ынтымақтастықтың өзге бағыттарында да бірқатар перспективалы салалық жобалар мен бастамалар баршылық.

«Соның ішінде Қазақстан аумағы арқылы өтетін Солтүстік — Оңтүстік халықаралық көлік дәлізінің шығыс тармағын кеңейту жобасын, «Байқоңыр» ғарыш айлағында ресейлік «Союз-5» зымыран тасығышына негізделген «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасын ерекше атап өтер едім», — дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Ресейдің өңірлері де өзара тиімді кооперацияны нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Ресей Федерациясының барлық дерлік субъектілері Қазақстандағы серіктестерімен тікелей байланыс орнатқан: Бұл тұрғыда энергетика, өнеркәсіп, көлік және жоғары технологиялар саласындағы жобаларды бірге жүзеге асырып отыр.

«Дәл қазір Уфада 20-шы мерейтойлық өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Онда дәстүрлі түрде билік органдарының басшылары, заң шығарушылар, министрліктер мен ведомстволардың, бизнестің, ғылыми және қоғамдық ортаның өкілдері, яғни іс жүзінде екіжақты қатынастарды дамыту мәселелерімен айналысатын барлық адамдар бас қосады. Біз Қасым-Жомарт Кемелұлымен форум қатысушыларына бейнебайланыс бойынша үндеу жолдауды жоспарлап отырмыз. Одан бөлек, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының ауқымды бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарлама Ресей мен Қазақстан өңірлерінің әрі қарай әлеуметтік-экономикалық өсуіне, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қолайлы жағдай жасауға бағытталған 150-ге жуық бірлескен іс-шара мен жобаларды қамтиды», — деді ол.

Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара әрекеттестікте гуманитарлық байланыстар әдеттегідей маңызды орын алады. Екі тарап та мәдениет, спорт, қоғамдық және жастар арасында, сондай-ақ білім беру саласында ынтымақтастықты кеңейту үшін көптеген жұмыс атқаруда. Ресейдің жоғары оқу орындарында шамамен 60 мың қазақстандық студент оқып жүр.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Ал Қазақстанда Ломоносов атындағы ММУ секілді жетекші ресейлік университеттердің филиалдары табысты жұмыс істеп тұр. Жақында Астанада Ресей Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) филиалы да ашылмақ, оның түлектері арасында танымал қазақстандықтар, соның ішінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та бар. Ресей Қазақстанда жаңа орыстілді мектептер салуды және мектептегі орыс тілінде білім беру сапасын арттыруды қолдайды. Жуырда Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында тағы осындай үш мектептің ашылуы күтілуде. Әрине, біз Қазақстан Республикасының басшылығына, әсіресе Қасым-Жомарт Кемелұлына орыс тіліне ерекше қарағаны үшін, оны мемлекетаралық және ұлтаралық қатынас құралы ретінде ілгерілетуге бағытталған Халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы маңызды бастамасы үшін алғыс білдіреміз», — деді Путин.

Сондай-ақ Ресей Президенті келесі жылы қос мемлекет Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтетінін тілге тиек етті. Осы ретте Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты 9 мамырда Мәскеуде өтетін ауқымды іс-шараға шақырды.

«Ресейде де, Қазақстанда да халық әкелері мен аталарының нацизмге қарсы иық тіресе күрескен ерлігін ұмытқан жоқ және құрметпен есте сақтайды. Ал біз, әрине, болашақ ұрпақ бейбітшілік пен бостандық қандай бағамен қорғалғанын есте сақтауы үшін барлығын істеуіміз керек. Бұл, әсіресе, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделетін және егеменді дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашатын көпполярлы әлемдік тәртіп қалыптасып жатқан уақытта ерекше маңызға ие. Ресей мен Қазақстан осы процестердің алдыңғы қатарында жүріп, мемлекетаралық қатынастардағы халықаралық құқықтың негізгі рөліне және жаһандық қауіпсіздік, тұрақтылық пен орнықты даму мәселелерінде барлық елдің мүддесін ескеру қажеттілігіне қатысты ұқсас ұстанымдарын білдіреді», — деп жазды Ресей Президенті.

Дәл осындай тәсілдер негізінде Қазақстан мен Ресей көпжақты ұйымдар, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында өзара жемісті іс-қимыл жасайды.

«Қазақстан Президенті қазан айында Мәскеуде өткен ТМД және Қазанда өткен БРИКС саммиттеріне қатысты. Атап айтқанда, БРИКС көшбасшыларының кездесуіндегі маңызды шешімдердің бірі жаңа санатты — біздің бірлестіктің «әріптес мемлекеттерін» белгілеу болды. Аталған санатқа үміткер елдердің тізімі келісілді. БРИКС-ке осындай сапада қосылу туралы шақыру Қазақстанға жіберілді. Ресей халықтарымыздың игілігі үшін Қазақстан Республикасымен жан-жақты достық және одақтастық қатынастарды одан әрі дамытуға дайын екенін тағы да атап өткім келеді. Қазақстанның барлық азаматына табыс, амандық және өркендеу тілеймін», — деді Ресей Президенті.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Министр спорт басқармасы басшыларын жаппай ауыстыру себебін түсіндірді

Келесі жаңалық

Артериялық гипертония: инфаркт пен инсульттің негізгі себебі

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда
Саясат

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда

26 июня, 2026
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Басты

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

14 июня, 2026
Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды
Басты

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

13 июня, 2026
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды
Басты

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды

13 июня, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

5 сентября, 2025
Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты
Саясат

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

15 июля, 2025
Келесі жаңалық
Артериялық гипертония: инфаркт пен инсульттің негізгі себебі

Артериялық гипертония: инфаркт пен инсульттің негізгі себебі

Ресейдің орнына Украина туы көрсетілген: Астанада қылмыстық іс қозғалды

Ресейдің орнына Украина туы көрсетілген: Астанада қылмыстық іс қозғалды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

9 мая, 2026
Атырауда 19 жастағы жігіт жол апатынан қайтыс болды

Атырауда 19 жастағы жігіт жол апатынан қайтыс болды

15 октября, 2021
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 668 жағдайы тіркелді

Қазақстанда кейінгі тәулікте бір адам коронавирустан қайтыс болды

8 ноября, 2022

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды
  • Beeline Қазақстан Paryz Bridge тәуелсіз зерттеуінің қорытындысы бойынша «Ақпарат және байланыс» саласындағы үздік жұмыс беруші атанды
  • Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ЖІӨ өсімі, жеке инвестициялар ағыны және отандық тауар өндірушілерді қолдау

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.