---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/11/27/ministr-sport-bas%d2%9barmasy-basshylaryn-zhappaj-auystyru-sebebin-t%d2%afsindirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Министр спорт басқармасы басшыларын жаппай ауыстыру себебін түсіндірді

![Министр спорт басқармасы басшыларын жаппай ауыстыру себебін түсіндірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/11/myrzabosynov_ek.jpg)

**Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бірнеше өңірдегі спорт және дене шынықтыру басқармаларындағы кадрлық ауыс-түйіске қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Кеше екі өңірде спорт басқармасы басшылары тағайындалды. Белгілі спортшы Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасының басшысы болды. Өңірдегі спортты дамытуға бара жатыр. Екінші Павлодар облысы спорт басқармасының басшысы болып Азамат Имашев конкурстан өтіп, комиссияның шешімімен іріктеліп алынып тағайындалды. Қазір бірнеше облыста комиссия отырыстары өтті. Ол жерде білікті, саланы білетін, менеджерлік қабілеттері бар мамандар тағайындалады», — деді Ербол Мырзабосынов Мәжіліс отырысы алдында агенттік тілшісінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ, министр спорт саласындағы ауқымды кадрлық ауыс-түйістің себебін түсіндірді.

> «Соңғы Азия ойындары, Олимпиада ойындары және өңірлердегі резерв мәселесі бар. Бүгінде министрлік тарапынан арнайы мониторинг тобы құрылды. Сол топ талдау жасап, ол жерде 3-4 жыл отырған, кейін индикатор орындалмағаннан кейін біз осындай шешімге келдік», — дейді ол.

Фото: qsa.kz

---

Жарияланды: 2024-11-27T06:20:24+06:00

Жаңартылды: 2024-11-27T06:20:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/11/27/ministr-sport-bas%d2%9barmasy-basshylaryn-zhappaj-auystyru-sebebin-t%d2%afsindirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.