---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/11/26/t%d2%afrkistanda-%d2%9byzmetkerlerini%d2%a3-syja%d2%9bysyn-zhym%d2%9byr%d2%93an-veterinarly%d2%9b-%d2%9byzmet-basshysy-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркістанда қызметкерлерінің сыйақысын жымқырған «Ветеринарлық қызмет» басшысы сотталды

![Түркістанда қызметкерлерінің сыйақысын жымқырған «Ветеринарлық қызмет» басшысы сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/11/1024501518_164_0_2895_2048_1920x0_80_0_0_b81533196de61454d79098f9cc0c344a.jpg)

**Түркістан қалалық сотының үкімімен облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы Б. Бегманов сотталды, деп хабарлайды Qazaqpress Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> — Ол аудандық ветеринариялық қызметтердің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинау арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен Б. Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

---

Жарияланды: 2024-11-26T04:50:08+06:00

Жаңартылды: 2024-11-26T04:50:08+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/11/26/t%d2%afrkistanda-%d2%9byzmetkerlerini%d2%a3-syja%d2%9bysyn-zhym%d2%9byr%d2%93an-veterinarly%d2%9b-%d2%9byzmet-basshysy-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.