---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/11/25/m%d2%b1naj-ken-oryndaryn-barlau-zh%d2%b1mystary-%d3%a9te-mardymsyz-deputat-syn%d2%93a-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мұнай кен орындарын барлау жұмыстары өте мардымсыз — депутат сынға алды

![Мұнай кен орындарын барлау жұмыстары өте мардымсыз — депутат сынға алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/11/6123810be5597e5a.jpeg)

**Жаңа мұнай кен орындарын барлауға тым аз қаражат бағытталып жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті.

> «Бүгін үш мұнай өңдеу зауытына берілетін шикізат жөнінде айтылды. Біздің отандық мұнай өндірушілер қоры азайған, экономикалық тұрғыда өте ауыр жобалармен жұмыс істеп жатыр. Сондықтан таяу жылдары мұнай өндіруді 10 млн тоннаға өсірмек түгілі, қазіргі мөлшерде ұстап тұрудың өзі үлкен қиындыққа әкелгелі жатыр. Осы мәселеге назар аудару керек. Атап айтқанда, барлау жұмыстарына қатысты жүзеге асырылып жатқан іс-қимылдар өте мардымсыз», — деді Б. Ізмұхамбетов.

Депутаттың пайымынша, кен орындарын барлауға қаражат жеткіліксіз көлемде жұмсалып жатыр

> «Бүгін Мәжілістегі баяндамада (Энергетика министрлігінің) геологиялық барлау жұмыстарына 2030 жылға дейін 5 млрд АҚШ доллары сомасында инвестиция салынатыны айтылды. Бұл тұрғыда жылына 1 млрд долларға жетпейтін сомада қаражат жұмсалмақ. Осы қаражат барлауға жетпейді, яғни бұл қарқынмен жоспардағы жобалар орындалмай қалуы мүмкін. Саладағы барлау жұмыстарына бұдан көбірек қаржыны қарастыру керек», — деді министр.

*Фото: pixabay.com *

---

Жарияланды: 2024-11-25T08:24:52+06:00

Жаңартылды: 2024-11-25T08:24:52+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/11/25/m%d2%b1naj-ken-oryndaryn-barlau-zh%d2%b1mystary-%d3%a9te-mardymsyz-deputat-syn%d2%93a-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.