---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/11/22/to%d2%9baev-ukrainada%d2%93y-ahualdy%d2%a3-ushy%d2%93uyna-bajlanysty-sh%d2%b1%d2%93yl-sharalar-%d2%9babyldaudy-tapsyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

![Тоқаев Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/11/upload-ria_8722098-pic_32ratio_1200x800-1200x800-9565-1.jpg)

**Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

> «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды», — деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасына.

Дерекке қарағанда, Парламент палаталарының төрағалары да қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.

> «Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.
> 
> 
> 
> 
> Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат — тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.
> 
> 
> 
> 
> Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын», — деп олықтырған Президенттің Баспасөз хатшысы.

---

Жарияланды: 2024-11-22T07:46:29+06:00

Жаңартылды: 2024-11-22T07:46:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/11/22/to%d2%9baev-ukrainada%d2%93y-ahualdy%d2%a3-ushy%d2%93uyna-bajlanysty-sh%d2%b1%d2%93yl-sharalar-%d2%9babyldaudy-tapsyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.