---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/11/20/%d2%9baza%d2%9bstan-haly%d2%9baraly%d2%9b-bankten-85-mlrd-jen-%d2%9baryz-alady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан халықаралық банктен 85 млрд йен қарыз алады

![Қазақстан халықаралық банктен 85 млрд йен қарыз алады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/11/7948791fd7828b9f.jpeg)

**Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Заң жобасы 2024 жылғы 18 қарашада Үкімет қаулысымен енгізілді.

> «Аталған келісім 2024 жылғы 11 қазанда Астанада жасалған. Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің қарызы Қазақстан Республикасына 84,9 млрд йен сомасында беріледі. Оны өтеу мерзімі — 11 жыл. Қарыз қаражаты ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылып жатыр. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», — деді палата депутаты Татьяна Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

*Фото: Tatomm / iStock / Getty Images Plus *

---

Жарияланды: 2024-11-20T05:47:30+06:00

Жаңартылды: 2024-11-20T05:47:30+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/11/20/%d2%9baza%d2%9bstan-haly%d2%9baraly%d2%9b-bankten-85-mlrd-jen-%d2%9baryz-alady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.