Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Заң жобасы 2024 жылғы 18 қарашада Үкімет қаулысымен енгізілді.
«Аталған келісім 2024 жылғы 11 қазанда Астанада жасалған. Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің қарызы Қазақстан Республикасына 84,9 млрд йен сомасында беріледі. Оны өтеу мерзімі — 11 жыл. Қарыз қаражаты ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылып жатыр. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», — деді палата депутаты Татьяна Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.
Фото: Tatomm / iStock / Getty Images Plus
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз