Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қазақстандық фильм Alternativa Film Awards 2024 танымал киножүлдесінің шорт-тізіміне енді

admin by admin
20 ноября, 2024
Қазақстандық фильм Alternativa Film Awards 2024 танымал киножүлдесінің шорт-тізіміне енді

Қазақстандық режиссер Айжан Қасымбектің “Мәдина” атты драмасы Alternativa Film Awards 2024 халықаралық киножүлдесінің шорт-тізіміне енді. Марапаттау рәсімі 29 қарашада Индонезияның Джокьякарта қаласында өтеді.

Байланысты

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

Партиядағы пікірталас

Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды

Alternativa Film Awards by inDrive – түрлі елдердің киноиндустрия мамандарының танылуына және өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін халықаралық көшпелі бастама. Бұл жүлде қоғамға оң әлеуметтік өзгерістер әкеле алатын және көпшілік аудиторияға арналған фильмдердің танылуына мүмкіндік береді.

Шорт-тізімге Азияның 14 елінен жалпы саны 25 фильм енді. Оның ішінде 13 толықметражды және 12 қысқаметражды туынды бар. Орталық Азияның абыройын екі фильм қорғап отыр: қазақстандық “Мәдина” және қырғыз режиссері Дальмира Тілепбергеннің “Белек” фильмі.

“Фильмді түсіруге төрт жыл уақыт қажет болды. Біздің түпкі мақсатымыз – Қазақстанда көлеңкеде жиі қалып қоятын әйелдер мен балалар мәселесін көпшілікке жеткізу еді. Түсірілім басында өзімді дәрменсіз сезіндім. Ешқандай қолдау болмады, фильм ешкімге керек еместей көрінді, тіпті фильм аяқсыз қалып қоя ма деп қорықтым. Біз қозғаған тақырыптар қоғамда әлі күнге дейін табу саналады. Бірақ осы төрт жылда көп нәрсе өзгерді – Қазақстанның бұрынғы экономика министрі болған күйеуінің қолынан қайтыс болған Салтанат Нүкенованың орны толмас қазасы қоғамды тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы ашық айтуға итермеледі. Әйелдер енді үнсіз қала алмайды, ал Президент бұл мәселені жеңу үшін жаңа заңдарға қол қойды. Біздің фильм – осы өзгерістер туралы, махаббатпен және үнсіз қалуға болмайды деген сеніммен баяндалған оқиға”, – дейді режиссер Айжан Қасымбек.

Халықаралық қазылар алқасының құрамына қазақстандық деректі фильм режиссері Катерина Суворова кірді. Оның “Qoryqpa” фильмі өткен жылғы жүлдеде марапатқа ие болған. Катеринамен бірге фильмдерді Үндістан, Индонезия, Германия, Бразилия және Иранның танымал кинематографистері бағалайды.

“Біз фильмдердің көркемдік және кинематографиялық артықшылықтарын ғана емес, олардың өз қауымдастықтарына жеткізгісі келген мәнін және осы кең де күрделі әлемдегі баршамызға берер әсерін де ескеруіміз керек. Өткен жылғы фестиваль бағдарламасының алғашқы кезеңі менің туған қалам Алматыда өтті. Бұл мен үшін жеңіспен ғана емес, қоғамды жақсартуға бағытталған фильмдерді қолдау идеясымен есте қалған жарқын оқиға болды. Көшпелі жүлденің басқа елде қайта жарық көріп, жалғасын тапқанын көру маған шабыт сыйлайды”, – деді қазылар алқасының мүшесі, қазақстандық режиссер Катерина Суворова.

Шорт-тізімге енген барлық фильм 22-28 қараша аралығында Джокьякартада өтетін Alternativa Film Festival аясында көрсетіледі. Марапаттау рәсіміне дейінгі маңызды оқиғалардың бірі – 27-29 қарашада өтетін Industry Days кәсіби бағдарламасы. Бұл шарада кинематографистер әртүрлі елдерден келген әріптестерімен өзара тәжірибе алмасады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Марапаттау рәсімін БҰҰ-ның гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі елшісі, британ-индонезиялық актриса әрі белсенді Ханна Аль Рашид жүргізеді.

Alternativa Film Awards және Festival — 2023 жылы ғаламдық технологиялық компания inDrive іске қосқан Alternativa Film Project халықаралық коммерциялық емес жобасының бір бөлігі. Жоба дамып келе жатқан киноиндустриялардағы кинематографистерді қолдау және дамыту үшін құрылған. Премиядан басқа, бүгінгі күнгі негізгі бастамаларының қатарында кинематографистерге арналған тегін Alternativa Film Labs оқу бағдарламалары, сондай-ақ ашық импакт-көрсетілімдер мен Alternativa Film Screenings пікірталастары бар.

inDrive — 46 елде, 779 қалада көлік және тұрмыстық қызметтер көрсететін халықаралық технологиялық компания. inDrive қосымшасы 200 миллионнан астам рет жүктелді және 2022, 2023 жылдары жүктеу саны бойынша екінші көлік қосымшасы атанды. Әлеуметтік әділетсіздікпен күресу миссиясын басшылыққа ала отырып, компания 2030 жылға қарай бір миллиард адамның өмірін жақсартуға үлес қосуды мақсат етеді. Бұл мақсат жергілікті қауымдастықтарды әділ баға бекіту моделі арқылы қолдайтын негізгі бизнес арқылы жүзеге асады, сондай-ақ компанияның коммерциялық емес бөлімшесі inVision-ның жұмысы арқылы да іске асырылады. InVision бағдарламалары білім беру, спорт, өнер, ғылым, гендерлік теңдік және басқа да әлеуметтік маңызды салаларды дамытуға көмектеседі.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Әйел күші: жеңу, шабыттандыру, өмір сүру

Келесі жаңалық

«Леруа Мерлен Қазақстан» ребрендинг туралы хабарлайды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
Категориясыз

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

6 февраля, 2026
Партиядағы пікірталас
Категориясыз

Партиядағы пікірталас

6 февраля, 2026
Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды
Категориясыз

Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды

6 февраля, 2026
«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Категориясыз

«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

6 февраля, 2026
Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды
Категориясыз

Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды

6 февраля, 2026
Белгілі заңгер Жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығару туралы ұсынысты қолдады
Категориясыз

Белгілі заңгер Жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық референдумға шығару туралы ұсынысты қолдады

6 февраля, 2026
Келесі жаңалық
«Леруа Мерлен Қазақстан» ребрендинг туралы хабарлайды

«Леруа Мерлен Қазақстан» ребрендинг туралы хабарлайды

Инфляция болжамдарына сенуге бола ма – Ұлттық банк жауабы

Инфляция болжамдарына сенуге бола ма – Ұлттық банк жауабы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Екі облыста карантин режимі күшейтілді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 720 адам жұқтырған

25 ноября, 2020
Ақтаудағы ұшақ апаты: ҚР Президентінің тапсырмасымен Мемлекеттік комиссия құрылды

Ақтаудағы ұшақ апаты: ҚР Президентінің тапсырмасымен Мемлекеттік комиссия құрылды

25 декабря, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір үкімет мүшелерін ауыстырды

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір үкімет мүшелерін ауыстырды

4 января, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қызым» — осы қыстың ең жылы премьерасы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
  • Партиядағы пікірталас
  • Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.