Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қазақстандық әйелдер актер Болат Әбділмановтың сөзіне наразы

admin by admin
19 ноября, 2024
Қазақстандық әйелдер актер Болат Әбділмановтың сөзіне наразы

“Жезтырнақ” фильмін көрген белгілі актер Болат Әбділманов @bolat.abdilmanov картинадағы әйелдердің үстемдігіне наразылығын білдірді.

Байланысты

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Қазақстандық әйелдер қауымы оның пікірімен келіспейтіндерін айтады. Актердің айтуынша, ежелден бері қазақ жерінде әйелдер отбасын ешқашан билеп-төстемеген. Бұл үрдіс мемлекеттіліктің жойылуына әкеп соғуы мүмкін.

“Отбасындағы әйелдің басшы болуы – ол ертең мемлекетті де әйел басқарады деген нәрсеге әкеліп тұр. Мен жақын арада кинотеатрдан «Жезтырнақ» деген кино көрдім. Бұл кинода әйелдер барлығын қырып салады. Еркектер бір жүрген сорлы. Еркек емес – телпек, жігіт емес – мігіт. Әйелдердің айтқанынан шыға алмайды. Әйелдер барлық өзінің физикалық күшін көрсетіп, сол жерде жеңімпаз болады. Әйелдің қаруы ол – жүрегінің жұмсақтығы, мейірімділігі, нәзіктігі, сабырлығы мен ақылдығында емес пе? Ал енді қазір еркек пен әйелдің орны ауысып бара жатқан сияқты. Енді киноға келгенде, кино деген бір көркем дүние ғой. Ол бір мемлекетшілікке, елдікке, патриоттық сезімді оятып, елін-жерін қорғайтын рухты азаматтарды тәрбиелейтін орын деп ойлаймын. Ал бұл жерде де сол әйел белең алып, үстемдік құрып жүр. Жалпы, әйел ежелден, ата-бабамыздан келе жатқандай отанасы, үйдің шамшырағы. Жары келгенде,  тағамын дайындап, үйін таза ұстап, жылы қабақпен күлімдеп, күйеуін қарсы алуы. Ертең ол үлкен бір биіктерді бағындырар кезде, соған бір демеу беру, соған бір жаңағы мотивация беруі былайша айтқанда. Жалпы, еркек өмірдегі ерлігінің бәрін тек әйел затына дәлелдеу үшін жасайды ғой. Сондықтан, әйел өз орнында болса, ер-азамат өз орнында болса, біздің қоғам да, мемлекетіміз де ілгері дамиды деп ойлаймын”. Актер өз Instagram парақшасында ойын осылай білдірді.

Болат Әбділмановтың оқырмандары мен Фариза Ескермес және Айтым Амангелді актердің ойымен келіспейтіндерін жеткізді.

“Аға, сонда сіз әйелдердің орны ердің көлеңкесінде демексіз бе? Тарихта қазақ әйелдердің бәрі үйде отағасын күтіп, сол еркекке мотивация беріп қана отқан десеңіз, тарихты дұрыс білмейсіз-ау, сірә… Біздің орнымыз қайда екенін көрсетіп, бізді үйретуді доғарыңыздаршы өтініш! Ал Жезтырнақ фильміне келетін болсақ, ол КИНО. Кино деген енер. Өнер бір типті болмайды, өнерде де әлеуметтік мәселелерді тыққылағанды қояйықшы өтініш! Неге сіздер қазақ әйелдеріне тиісе бересіздер? Неге әйел қауымын тәрбиелеумен айналыса бересіздер? Неге бізді сонша үйде отырғызып қоюға құмарсыздар? МЕН, еркекке мотицавиця беріп, оның жағдайын жасау үшін ғана туылған жоқпын! Ондай болған жаман емес, жақсы, аналарымыздың көбі әкелеріміздің, бала-шағасының қамын ойлап үйде отырды. Бірақ бұл заман мен ол заманды салыстырмайықшы. 21-ғасырдың әйелінде арман көп, максат көп. Ол арманға жеткізетін, Құдайға шүкір күш-қуатымыз бар, мүмкіндік бар. Онда неге үйде отырғызуға әлексіздер ? Сіздер бізді үйде қамаған сайын, біз көкке ұшамыз. Жетер, қазақ әйеліне приказ беріп сейлеуді, не істеп, не істемеу керек екенін уйретудің қажеті жоқ. Біз тұлғамыз. Өзіміздің басымыз бар, ойланып шешім қабылдайтын.”, — деп жазды өз стористерінде Фариза Ескермес.

Сонымен қатар, актердің постына байланысты пікірін білдірген оқырмандар Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ерліктерін еске алды:

“Ұлы Отан соғысы кезіндегі Мәншүктің жанқиярлық ерлігі ар-намыстың, батылдықтың дәлелі. Жасы небәрі 20-ға толған қыз дұшпанына тіке қарап, пулеметті қолына алып, шайқасқан. 1943 жылдың 15-қазанында Невель түбінде ерлікпен көз жұмды”, — деп жазды оқырман қыздар.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

“Қазақстанда ұлы әйелдер, батыр қыздар – Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Қарасай батырдың қызы Есенбике, Бұланбай батырдың қызы Айбике жоңғарларға қарсы шайқастарға қатысқан. Қабанбай батырдың жары Гаухар барлаушылар тобын басқарған. Күйеуімен бірге сол заманның барлық ірі ұрыстарына қатысқан. Ондаған жылдан соң шайқасқа қыздары Назым да аттанды”, — деп жазады оқырмандар.

Алайда, актердің ойын қолдаған да адамдар болды. Фильм және әйелдер жайлы айтылған бұл бейне 68,5 мың қаралым, 100-ден астам комментарий жинап үлгерді. 300-ге жуық жіберілім тіркелген.

 

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматының онкологтары сүт безі қатерлі ісігі асқынған науқасты құтқарды

Келесі жаңалық

Алмас Алтай: Былтырғы уақытты қайтарудың қандай мәні бар?

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
Категориясыз

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

16 июня, 2026
«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
Категориясыз

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

16 июня, 2026
Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады
Категориясыз

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

16 июня, 2026
Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі

16 июня, 2026
Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты
Категориясыз

Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты

15 июня, 2026
Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді
Категориясыз

Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді

15 июня, 2026
Келесі жаңалық
Алмас Алтай: Былтырғы уақытты қайтарудың қандай мәні бар?

Алмас Алтай: Былтырғы уақытты қайтарудың қандай мәні бар?

Қазақстан халықаралық банктен 85 млрд йен қарыз алады

Қазақстан халықаралық банктен 85 млрд йен қарыз алады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қанат Мусин әділет министрі қызметінен кетті

Қанат Мусин әділет министрі қызметінен кетті

30 декабря, 2022
Димаш Құдайберген «Виктория» музыка байқауының финалына шықты

Димаш Құдайберген «Виктория» музыка байқауының финалына шықты

29 ноября, 2020
Өзбекстанда жүргізушілер Қазақстанға миллион доллар алып өтпек болған

Өзбекстанда жүргізушілер Қазақстанға миллион доллар алып өтпек болған

5 мая, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
  • «Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
  • Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.