---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/11/18/medeudegi-ice-party-almatyny%d2%a3-1000-nan-astam-zhastary-studentter-k%d2%afnin-atap-%d3%a9tti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Медеудегі ICE Party: Алматының 1000-нан астам жастары Студенттер күнін атап өтті

![Медеудегі ICE Party: Алматының 1000-нан астам жастары Студенттер күнін атап өтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/11/photo-2024-11-18-14-55-29.jpg)

**17 қараша Медеу мұз айдынында Халықаралық студенттер күніне арналған ICE Party өтті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған бұл іс-шара «Almaty Student’s Week» апталығы аясында өтіп, қаладағы 1000-нан астам жоғары оқу орнының студенттерін біріктірді.**

Мерекелік кеште студенттер үшін мұз үстінде қызықты конкурстар, интерактивті ойындар және флешмоб ұйымдастырылды. Шара барысында жас өнерпаздар өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар студенттерге тегін ыстық шәй мен тіскебасарлар таратты.

*«Студенттік өмір – бұл батыл шешімдер мен жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Мұндай іс-шаралар студенттердің бірлігін нығайтып, ортаны кенейтуге көмектеседі. Алматы жастарының қала өміріне белсенді атсалысып жатқаны қуантады, біз оларды әрдайым қолдауға дайынбыз. Барша Алматы қаласы студенттерін мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын»,* — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Айта кетейік, «Almaty Student’s Week» апталығы аясында қаламызда 30 түрлі форматтағы іс-шаралар өтті.

---

Жарияланды: 2024-11-18T10:22:23+06:00

Жаңартылды: 2024-11-18T10:22:23+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/11/18/medeudegi-ice-party-almatyny%d2%a3-1000-nan-astam-zhastary-studentter-k%d2%afnin-atap-%d3%a9tti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.