Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшылары кәсіподағының талаптарына қатысты хабарлама

admin by admin
15 ноября, 2024
«Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшылары кәсіподағының талаптарына қатысты хабарлама

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) жұмысшылары кәсіподағының талаптарына қатысты «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ҰК АҚ хабарламасы:   

Байланысты

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

«Өзенмұнайгаз» АҚ зейнеткерлерінің (бұрынғы қызметкерлерінің) балаларын жұмысқа орналастыру: ӨМГ зейнеткерлерінің (бұрынғы қызметкерлерінің) балалары компанияның штатына тікелей алынса, 2020 жылы бекітілген жұмысқа орналасу алгоритмін бұзады. Алгоритмге сәйкес ӨМГ зейнеткерлерінің балалары мен жұмыссыз азаматтар 50/50 пропорциясы бойынша тең дәрежеде жұмысқа қабылданады. Бұл талапты орындау мүмкін емес, өйткені жұмысқа орналасу кезегін күтіп отырған Жаңаөзен қаласының басқа жұмыссыз тұрғындарының құқығын бұзады.

Зейнетке ерте шыққанда төлем мөлшерін ұлғайту (300 АЕК): ӨМГ-де жұмысшыларға мерзімінен бұрын зейнетке шығуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама бар. Зейнет жасына тақаған қызметкерлерге арналған бағдарламаның талаптары айлық есептік көрсеткішке (АЕК), мұнайшының өтілі мен жасына байланысты, сонымен қатар отбасы мүшесін жұмысқа орналастыру мүмкіндігі де қарастырылған. Төлем мөлшері жұмысшының өтіліне және зейнетке шығуға дейін қалған айлар санына байланысты АЕК негізінде есептеледі. Бұл ретте, төлемақының ең жоғары мөлшері 125 АЕК — 40 жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлер үшін белгіленген. Мысалы, ӨМГ-де 40 жылдан астам жұмыс істеген қызметкер бүгінде 60 жасқа келіп ерте зейнетке шықса, 16,6 млн теңге алады. Жұмысшылар кәсіподағы қойып отырған талап — АЕК мөлшерін 125-тен 300 АЕК-ке дейін ұлғайту, бұл төлем мөлшерін екі еседен астамға  арттырады. Алайда компанияда қазірдің өзінде жақсы жағдай жасалған, бір қызметкерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау мөлшері — ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы жанынан 1000 орындық арнайы техниканы жөндейтін база салу: ӨМГ жыл сайын арнайы техниканы жаңартып отырады. Қазіргі уақытта бұрғылау жұмыстары басқармасының техникасын қоса алғанда, автопарктің 65% жаңартылды. 2022-2024 жылдар аралығында бұған 22 млрд теңгеден аса қаржы жұмсалды, ал 2029 жылға дейін тағы 53 млрд теңгеден астам бөлінетін болады. Техниканы жаңартудың нәтижесінде жөндеу жұмыстары азайды, сондықтан жұмысшылар талап еткендей жаңа жөндеу базасын салу тиімсіз болып отыр. Арнайы техниканы жаңарту жұмыстары ҚМГ тобының барлық компаниясында жүргізіліп жатыр.

Ұжымдық шарттың 2013 жылғы редакциясын қайтару және дербес еңбекақы төлеу жүйесіне өту: Кәсіподақ 2013 жылы қолданыста болған ӨМГ ұжымдық шартының 5.19 тармағын қайтаруды ұсынады. Бұл тармақ бойынша жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушінің есебінен төленіп келген. Ал 2017 жылдан бері қызметкерлерге жалақы салық ұсталғаннан кейін беріледі, бұл ҚР заңнамасына толығымен сәйкес келеді. 2024 жылдың шілдесінде Өзенмұнайгаз компаниясында еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне өту жұмыстары басталды. Кәсіподақтар мен ҚР Еңбек министрлігінің қатысуымен күрделі жұмысты әділ бағалауға негізделген ережелер әзірленді. Қазіргі уақытта ӨМГ ішінде өзара келісімдер жүріп жатыр.

Ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу машинистері мен оператордың санатын 6-7-ші дәрежеге көтеру: Жұмысшының дәрежесі ҚР Еңбек министрлігінің 2018 жылғы бұйрығымен бекітілген Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы бойынша белгіленеді. Қазір күрделі жұмыстарға тартылған ұңғымаларды жерасты жөндеу машинистері мен операторына төлем 6-шы дәреже бойынша жүргізіледі. Бұл осындай жұмыстар үшін әділ ақы төлеуді қамтамасыз етеді.

Ұжымдық шартқа 30% қосымша жалақы төлеу тәртібін енгізу: ҚР заңнамасына және ӨМГ-нiң 2023 жылғы еңбекақы төлеу ережелеріне сәйкес 30%-ға дейінгі үстемақы лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету түрлерін кеңейткені немесе қосымша функцияларды орындағаны үшін төленеді. Сондай-ақ ӨМГ жұмысшыларының жалақысына жыл сайын индексация жүргізіледі. Бұл өңірдегі басқа мұнай өндіруші кәсіпорындардағы орташа жалақыдан асады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматы облысында келесі жылы 38 ауылдың әкімдері қайта сайланады

Келесі жаңалық

Цифрлық даму вице-министрі Қ.Бишімбаевпен серіктестігі туралы: Қазір ол рестобардың құрылтайшысы емеспін

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
Мәдениет

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

8 июня, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

8 июня, 2026
Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
Категориясыз

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

8 июня, 2026
«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті
Категориясыз

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

8 июня, 2026
Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Келесі жаңалық
Цифрлық даму вице-министрі Қ.Бишімбаевпен серіктестігі туралы: Қазір ол рестобардың құрылтайшысы емеспін

Цифрлық даму вице-министрі Қ.Бишімбаевпен серіктестігі туралы: Қазір ол рестобардың құрылтайшысы емеспін

Алматыда ең үздік студенттік топ анықталды

Алматыда ең үздік студенттік топ анықталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізді

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізді

28 февраля, 2024
Түркістан әуежайы алғашқы тұрақты рейсті қабылдады

Түркістан әуежайы алғашқы тұрақты рейсті қабылдады

2 декабря, 2020
Мамин «Роскосмос» басшысы Рогозинмен кездесті

Мамин «Роскосмос» басшысы Рогозинмен кездесті

2 марта, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
  • «Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді
  • Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.