Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Алматыда жүрек қан-тамырлары қатты зақымданған науқастарға күрделі ота жасады

admin by admin
13 ноября, 2024
Алматыда жүрек қан-тамырлары қатты зақымданған науқастарға күрделі ота жасады
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада жүректің негізгі қан-тамырларындағы қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған оталар бойынша шеберлік класы өтті.

Байланысты

Депутат Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау

Алматыдағы онкологиядағы жасанды интеллект: диагностикадан робототехникаға дейін – пациенттерге күтім жасау қалай дамып келеді

Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды

Интервенциондық хирургтерге тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берген шараға еліміздің түпкір-түпкірінен мамандар қатысты, деп хабарлайды №7 ҚКА баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, шеберлік сағатына Австрияның жетекші интервенциялық кардиологы, коронарлық күретамырларды емдеуде 15 жылдан астам тәжірибесі бар Аурель Тома шақырылды. Тома қазақстандық әріптестерін жүрек қан-тамырларының зақымданған бөліктеріндегі қан айналымын қалпына келтіру техникасымен таныстырды.

Шеберлік класы барысында коронарлық артериялардың зақымдану деңгейі жоғары пациенттерге бірлескен 3 ота жасады. Дәрігерлердің айтуынша, қан тамырлары бітеліп, окклюзияға ұшыраған кезде жүрек созылмалы ишемияға шалдығады. Салдарынан науқас жүріп-тұрған сайын ентігіп, жүрекке салмақ түседі, стенокардия, яғни жүрек тұсында ауырсыну сезімі пайда болады. Бүгін жасалған оталардың негізгі мақсаты – коронарлық артериялардағы қан айналымын қалпына келтіру. Бірақ өткізгішті бітелген, қабырғаларын кальций тұздары басқан күретамыр арқылы өткізу оңай шаруа емес. Сондықтан мұндай операциялар міндетті түрде хирургиялық техникаларға машықтанған мамандар мен заманауи қондырғыларды қажет етеді.

«Ота жасалған науқастардың екеуі бұған дейін инфаркт алып біздің ауруханаға жедел жәрдеммен түскен. Тиісті емін алғаннан кейін ауруханадан шығарылды. Коронарография жасаған кезде артерияларда тромб барын, басқа күретамырлардың да жаппай созылмалы окклюзияға ұшырағанын анықтадық. Осы жолы пациенттер жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылып, МӘМС шеңберінде ота жасатты. Біз операцияға жағдайы өте ауыр науқастарды, күрделі клиникалық жағдайларды іріктеп алдық. Нәтижесі – тамаша. Бүған Аурел Тома әріптесіміздің өзі таң қалды. Жалпы, аурухананың толыққанды жабдықталуы бізге осындай оталар жасауға мүмкіндік береді. Бірақ шеберлік класында жасалған оталардың орны бөлек, біз тамаша тәжірибе жинақтадық. Австриялық әріптесімізбен түрлі клиникалық жағдайларды ортаға салдық, біз үшін бұл шараның пайдасы зор болды», — дейді №7 ҚКА Интервенциондық хирургия және аритмология бөлімшесі меңгерушісі Сәкен Анартаев.

Ота барысында пациент ояу болады. Пункция арқылы тамырдың ішіне арнайы катетер орнатылып, бітелген артериялар өткізгіштің көмегімен тазартылады. Бұл ауыртатын процедура емес, сондықтан ота наркозсыз жасалады. Пункция орны ғана лидокоин ерітіндісімен жансыздандырылады. Нәтижесінде жүректің бұлшық еттері толыққанды жұмыс істей бастайды. Науқастар өзін жеңіл сезініп, ентігу мен жүрек тұсының ауырғаны басылады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматыда дәрігерлер балаларда күрделі көз патологияларын заманауи лазерлік жүйе көмегімен емдей бастайды

Келесі жаңалық

Туризм және спорт министрлігі спорт түрлерін іріктеу жүйесін өзгерту туралы заң жобасын әзірледі

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Депутат Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау
Денсаулық

Депутат Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау

4 февраля, 2026
Алматыдағы онкологиядағы жасанды интеллект: диагностикадан робототехникаға дейін – пациенттерге күтім жасау қалай дамып келеді
Денсаулық

Алматыдағы онкологиядағы жасанды интеллект: диагностикадан робототехникаға дейін – пациенттерге күтім жасау қалай дамып келеді

3 февраля, 2026
Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды
Денсаулық

Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды

17 января, 2026
Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
Денсаулық

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

16 января, 2026
Алматыда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді
Денсаулық

Алматыда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді

16 января, 2026
Қуық қатерлі ісігі: білу маңызды нәрселер — AOО онкологы
Денсаулық

Қуық қатерлі ісігі: білу маңызды нәрселер — AOО онкологы

15 января, 2026
Келесі жаңалық
Туризм және спорт министрлігі спорт түрлерін іріктеу жүйесін өзгерту туралы заң жобасын әзірледі

Туризм және спорт министрлігі спорт түрлерін іріктеу жүйесін өзгерту туралы заң жобасын әзірледі

Қазақстандықтар: өзгерістерге 33 жыл

Қазақстандықтар: өзгерістерге 33 жыл

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Конституциалық реформа ғылымың дамуына жол ашады – Жақсыбек Кулекеев

Конституциалық реформа ғылымың дамуына жол ашады – Жақсыбек Кулекеев

24 января, 2026
10 тамызға қарай теңге бағамының болжамы

10 тамызға қарай теңге бағамының болжамы

10 августа, 2022
Xiaomi REDMI Note 15 Сериясын таныстырды: сенімді конструкция және түсірілімнің кеңейтілген мүмкіндіктері

Xiaomi REDMI Note 15 Сериясын таныстырды: сенімді конструкция және түсірілімнің кеңейтілген мүмкіндіктері

22 января, 2026

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қызым» — осы қыстың ең жылы премьерасы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Журналистік қауымдастық жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
  • Алматы жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
  • Oi-Qaragai тау курортын дамыту жобасы бойынша инвестициялық келісім мақұлданды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.