---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/11/11/sanzhar-%d3%99dilov-ishki-ister-ministrini%d2%a3-orynbasary-lauazymyna-ta%d2%93ajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Санжар Әділов Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

![Санжар Әділов Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/11/1731308986gpeat_1000x768.jpg)

**Ақорда Санжар Әділовтің Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалғанын хабарлады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген құжатта.

Айта кетейік, Санжар Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

Еңбек жолын тергеуші болып бастаған.

Осы тағайындауға дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы, Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

Фото: СЦК

---

Жарияланды: 2024-11-11T08:52:21+06:00

Жаңартылды: 2024-11-11T08:52:21+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/11/11/sanzhar-%d3%99dilov-ishki-ister-ministrini%d2%a3-orynbasary-lauazymyna-ta%d2%93ajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.