---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/11/07/almaty-oblysynda-esirtki-%d3%a9ndiretin-zhasyryn-zerthanany%d2%a3-zholy-kesildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында есірткі өндіретін жасырын зертхананың жолы кесілді

![Алматы облысында есірткі өндіретін жасырын зертхананың жолы кесілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/11/7b941396d25a4a82104eca2a8d4b944f_original.25374.jpg)

**Есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.

Осы жылдың қазанында ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті.

![есірткі](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-11-07/a6d3311c-a2fa-4b42-a716-c2344a2d02e9.jpeg)Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

![есірткі](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-11-07/98d22d35-96a1-4a66-8305-353acb56eee6.jpeg)Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

> — 5 келіге жуық дайын және 350 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ 800 литр прекурсорлар мен есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, — делінген комитет таратқан ақпаратта.

![есірткі](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-11-07/20fb031b-f68e-4e85-b849-b7a5865cca58.jpeg)Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК баспасөз қызметі мәлім еткендей, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

*Фото: Gov.kz*

---

Жарияланды: 2024-11-07T06:53:52+06:00

Жаңартылды: 2024-11-07T06:53:52+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/11/07/almaty-oblysynda-esirtki-%d3%a9ndiretin-zhasyryn-zerthanany%d2%a3-zholy-kesildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.