Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қазақстан бүкіл әлемдегі «цифрлық көшпенділер» үшін жаһандық тартылыс орталығы бола алады, — белгілі ғалым Параг Ханна

admin by admin
7 ноября, 2024
Қазақстан бүкіл әлемдегі «цифрлық көшпенділер» үшін жаһандық тартылыс орталығы бола алады, — белгілі ғалым Параг Ханна

Астанада әлемге әйгілі ғалым, геосаясаткер, футуролог Параг Ханнаның қатысуымен «Геосаяси шиеленіс және климат өзгерістері дәуіріндегі жаңа Жібек жолдары» тақырыбында public talk өтті. Шараны Qalam.global мультимедиялық жобасы Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңес қолдауымен ұйымдастырды.

Байланысты

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай

Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Кездесу барысында Параг Ханна әлемдік геосаясат, демография және көші-қон модельдерінің болашағы туралы көзқарасын бөлісті. Оның сөзінше, қазіргі күні үш аймақтың, атап айтқанда, «Батыс Азия» мен Шығанақ елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия және Орталық Азияның арасындағы қарым-қатынас динамикасы ерекше қызығушылық тудырады.

«Бұл мүмкіндіктер аймақтары. Соңғы жылдары оған кіретін мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынас жылдам нығайып келеді. Бұл аймақты жаңа Жібек жолы деп атасақ болады, ал әлем халқының басым бөлігі осы үшбұрыштың ішінде өмір сүреді. Қазақстан ол үшбұрыштың жоғарғы бұрышында тұр: өздеріңізді дәл осылай позициялауға кеңес берер едім», – деп атап өтті ғалым.

Оның айтуынша, қазіргі әлемде байқалып отырған үлкен көлемдегі миграция – жоғалмайтын процесс және бұрын-соңды болмаған деңгейде қажет құбылыс. Алдағы онжылдықтарда адамдар әлемнің халқы тығыз орналасқан аймақтарынан жаппай қоныс аударады, ал жан басы саны аз аумақтар, керісінше, көбейіп, жаңа өркениет орталықтарына айналуы мүмкін. Осы тұрғыда Ханна Орталық Азияның ерекше әлеуетін атап өтті. Ғалымның айтуынша, Қазақстан мен оның көршілері география тұрғысынан ерекше жерде тұрғанының арқасында ушығып келе жатқан геосаяси шиеленіске қарамастан, әлемдік державалар арасындағы көпір болып, байланыстар мен экономикалық алмасудың дамуына ықпал ете алады.

«Осындай ірі өркениет орталықтарының бірі атануға Қазақстанның әлеуеті жететіні сөзсіз. Ел қазір аймақтағы таланттар үшін магнит болып отыр. Сәйкесінше, Қазақстан бүкіл әлем бойынша жалпы саны 4,5 млрд адамды құрайтын жас таланттарға арналған хаб ретінде өзін көрсете алады», – деп мәлімдеді сарапшы.

Жекелей алғанда, ғалымның пікірінше, Қазақстандағы Алматы қаласы қауіпсіз, қаржы тұрғысынан қолжетімді және климатқа қолайлы өмірлік орын іздеген түрлі елдегі «цифрлық көшпенділердің» жас буыны үшін жаһандық тартылыс орталықтарының біріне айналуы мүмкін. Алматының климаты, инфрақұрылымы және тұрған жері өмір сапасы мен емін-еркін жүріп-тұру ортасындағы тепе-теңдікті бағалайтындар үшін ұнамды факторларға айналуда, деп атап өтті Параг Ханна.

Глобалды өзгерістер мен тұрақты даму қажеттілігі тұрғысынан Қазақстан шетелдік тура инвестицияларды тарту, климаттық тұрақтылық, азық-түлік қауіпсіздігі және өнеркәсіптік әлеует сияқты негізгі салаларда жоғары көрсеткіштерге ие болып отыр.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Дегенмен, ғалымның пікірінше, Қазақстанға позициясын одан әрі нығайту үшін валюталық тұрақтылық пен инновациялар дамытуға және әлеуметтік прогресс пен жалпы тұрақтылықты ілгерілетуге мән беру қажет. Инфрақұрылымға салынатын инвестициялар, ЖІӨ көрсеткіштерін жақсарту және экологиялық әрі технологиялық бағыттардағы өсуді қолдау Қазақстанға бәсекелестік артықшылықтарын күшейтуге және адами капиталды қоса алғандағы түрлі ресурсты көбірек тартуға көмектеседі, деп мәлімдеді Параг Ханна.

Анықтама ақпарат:

Параг Ханна — әлемге әйгілі ғалым, футуролог, саясаттанушы, жаһандық өркениеттің болашағы туралы бірнеше бестселлердің авторы. Оның жұмыстары қазіргі заманғы трендтерді терең талдауымен және алдағы онжылдықтарда әлемнің қандай болатыны туралы батыл болжамдарымен ерекшеленеді. Ханна жаһандану, урбандалу және технологиялық даму саласындағы зерттеулерімен танымал. Ол әлемнің көпполярлы теориясын қолдайды және жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыратын процестерді белсенді зерттейді. АҚШ-тың Ұлттық барлау кеңесінде кеңесші болып жұмыс істеді, Жаһандық трендтер – 2030 бағдарламасын әзірлеуге қатысты. Стратегиялық кеңес беруге маманданған FutureMap компаниясының негізін қалаушы және басқарушы серіктесі.

Qalam Global – әлем тарихы мен мәдениетіне арналған мультимедиалық жоба. Жоба аясында Қазақстан, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Ресей сияқты елдердің мамандарынан құралған халықаралық зерттеушілер тобы жұмыс істейді.

Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңес — Қазақстанның саяси ғылымдар қауымдастығы және қазақстандық дипломаттар бірлестігінің бастамасымен құрылған үкіметтік емес қоғамдық бірлестік. Бастама Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ілгерілетуде сарапшылар қауымдастығы мен мемлекет арасындағы өзара байланысты қолдауға, сарапшылар қауымдастығының әлеуетін біріктіруге, Қазақстанның саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар мектебін қалыптастыруға, сондай-ақ негізгі халықаралық бастамаларды талқылауға бағытталған.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Заңсыз контентке қарсы күрес: «ESBOL QORY» қоры мен OLX Қазақстанның тәуелсіз аудит нәтижелері

Келесі жаңалық

Қазақстандағы ең ірі гранит зауытын нөлден бастап құру, стереотиптер мен қиындықтар туралы

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
Категориясыз

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

17 июля, 2026
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Категориясыз

Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай

16 июля, 2026
Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде
Категориясыз

Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

16 июля, 2026
Алматыда Құрылтайдың заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі талқыланды
Категориясыз

Алматыда Құрылтайдың заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі талқыланды

16 июля, 2026
OLX.kz пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейтуде: прокуратурамен бірлескен жұмыс
Категориясыз

OLX.kz пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейтуде: прокуратурамен бірлескен жұмыс

16 июля, 2026
Категориясыз

01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

15 июля, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстандағы ең ірі гранит зауытын нөлден бастап құру, стереотиптер мен қиындықтар туралы

Қазақстандағы ең ірі гранит зауытын нөлден бастап құру, стереотиптер мен қиындықтар туралы

Алматы қаласында еліміздегі ІҚА, ҚІС емдеу және нутритивтік түзету бойынша алғашқы мамандандырылған орталық ашылды

Алматы қаласында еліміздегі ІҚА, ҚІС емдеу және нутритивтік түзету бойынша алғашқы мамандандырылған орталық ашылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

eGov-те шетелдіктерге ЖСН беру тоқтатылды

eGov-те шетелдіктерге ЖСН беру тоқтатылды

27 мая, 2022
Тоқаев осы аптада Ұлытау, Петербор, Тегеранға барады

Тоқаев осы аптада Ұлытау, Петербор, Тегеранға барады

13 июня, 2022
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23 июня, 2025

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
  • Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай
  • Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.