Өз автокөліктерін қалпына келтіруге компания клиенттері сақтандыру бойынша шамамен 5 миллион теңге алды.
Тамыз айында Астана қаласында жауған жойқын бұршақ жүздеген көліктерге зақым келтірді. Пинг-понг добының көлеміндей мұз кесектері машиналардың әйнектерін шұрқ-шұрқ тесіп, шанақтарында ойықтар қалдырды.
Зардап шеккендердің бірі Jusan Garant-та каско бойынша сақтандырылған Chery Tiggo 2 Pro иесі болды. Залалды бағалау кезінде мамандар капотта, шатырда, есіктер мен қанаттарда, жүксалғыш қақпағында ондаған ойықтарды санады, әйнек пен шамдар сынған. Залал 2,5 млн. теңгені құрады.
Бұршақтан ұқсас зақымдануларды – шанақтағы ойықтарды – Jusan Garant-та каско бойынша сақтандырылған тағы бір Chery Tiggo 4 Pro алды. Мамандар автокөлікті жөндеу құнын 2,4 млн. теңгеге бағалады.
Ерікті автосақтандыру полисінің арқасында бұршақтан зақымданған «қытайлықтарды» қалпына келтіру бойынша шығыстарды сақтандырушы өзіне алып, зардап шеккендерге жалпы сомасы 4,9 млн. теңге төледі.
Ауа-райының қолайсыздығынан кейін компанияның елордалық филиалына жүргізушілер бұршақтан келтірілген залалдың орнын толтыруға сене отырып, КҚИ АҚЖМС полистерімен жүгінді. Алайда, міндетті автосақтандыру иесінің көлігін қорғамайды, бірақ апаттан зардап шеккен автокөлік иесінің алдындағы жауапкершілікті өтейді. Жол-көлік оқиғасындағы жүргізушінің кінәсіне қарамастан, көлікті тек каско полисі ғана қорғай алады.
Jusan Garant-та клиенттер ЖКО, айдап әкету, өрт, жарылыс, тонау, табиғи апаттар – су тасқыны, дауыл, бұршақ сияқты барлық тәуекелдерден қорғауды көздейтін стандартты касконы және тек ЖКО-дан қорғайтын шектелген каско сияқты сақтандыруды ресімдей алады. Мұндай сақтандыру стандартқа қарағанда әлдеқайда арзан, оны КҚИ АҚЖМС-ға қосымша компанияның сайтында ресімдеуге болады. Сіздің кінәңізден болған жол апаты жағдайында, зардап шеккен адамға келтірілген залалды міндетті автосақтандыру өтейді, ал Сіздің автоны жөндеуді – каско полисі өтейді.
Айтпақшы, автокөлік иелері міндетті автосақтандыру полистерін сатып ала отырып, Jusan Garant-қа сенеді, сақтандырудың бұл түрі бойынша компания бірінші орында. Сақтандырушы төлемдер бойынша да көш бастап тұр – жыл басынан бері Jusan Garant автосақтандыру бойынша 13,2 млрд. теңге көлемінде залалдың орнын толтырды.
Фото: astanovka98
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз