---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/11/04/altyn-orda-ma%d2%a3ynda%d2%93y-keptelis-m%d3%99seleni-zholajry%d2%9b-ta-sheshe-almady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Алтын Орда» маңындағы кептеліс: Мәселені жолайрық та шеше алмады

![«Алтын Орда» маңындағы кептеліс: Мәселені жолайрық та шеше алмады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/11/6206f315dcccf92d.jpeg)

**«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы Kazinform тілшісінің сауалхатына жауап бере отырып, «Алматы – Бішкек» автомобиль жолын кеңейту жұмыстары жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Ұлттық компания мәліметінше, «Алтын Орда» базары маңындағы көпір құрылысы аяқталып, кептеліс мәселесі шешілген.

> «Алтын Орда базарының маңындағы жолдың ішкі (транзит) бөлігінде көлік қозғалысы бойынша кептеліс мәселесі жойылған. Ал сыртқы немесе екі жақ жол бөлігі базар маңында орналасқандықтан базарға кіріп-шығатын көлік санының көбеюі салдарынан кептеліс пайда болып отырады», — делінген компания жауабында.

«Алтын Орда» базары мен «Апорт» сауда орталығы маңында бірнеше шақырымға созылатын кептеліс кешкі уақытта байқалады.

![Алтын орда базары](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-01-15/bb058b5b-5d58-4792-8892-a54ad8c24612.jpeg)Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

> «Республикалық маңызы бар «Алматы – Бішкек» автомобиль жолының 19-27 шақырым аралығын (ҮАААЖ – Қаскелен) кеңейту жоспарда. Жоспар бойынша қозғалыс жолақтары санын алты-сегізге жеткізе отырып кеңейту, үш жерде әр деңгейдегі жол айрығы («таға» типті кері бұрылыс) және жол үсті жаяу жүргіншілер өткелдері қарастырылған»,- деп атап өтті ҚазАвтоЖол өкілдері.

Қазір жобалық-іздестіру жұмыстарына конкурус жарияланды. Жобаны іске асыру 2025-2027 жылдары көзделген.

«Сонымен қатар, үстіміздегі жылы аталған жол бөлігіне тағы бір әр деңгейдегі жол айрығы («таға» типті кері бұрылыс) нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға дайындық жүргізіліп жатыр»,- деп түсіндірді компаниядан.

![Эстакаду возле рынка «Алтын Орда» под Алматы ввели в эксплуатацию](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2023-10-11/99578b7f-19f2-4271-9530-04f36a849da1.jpeg)Фото: ҚазАвтоЖол

Осыған дейін «Алтын орда» базары маңындағы «Алматы-Райымбек» учаскесінде жаңа бас магистральдық эстакада пайдалануға берілген болатын.

*Фото: Nur.kz*

---

Жарияланды: 2024-11-04T08:33:19+06:00

Жаңартылды: 2024-11-04T08:33:19+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/11/04/altyn-orda-ma%d2%a3ynda%d2%93y-keptelis-m%d3%99seleni-zholajry%d2%9b-ta-sheshe-almady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.