---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/11/04/almatyda-7-mln-te%d2%a3ge-ajypp%d2%b1ly-bar-k%d3%a9lik-zh%d2%afrgizushisi-%d2%b1staldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда 7 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды

![Алматыда 7 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/11/792a432459889056.jpeg)

**Алматыда 37 млн теңге көлемінде айыппұл салынған көліктер анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, айыппұл төлемегендер тізімінде шетелде тіркелген Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі көш бастап тұр. Ол 7 млн теңгеден астам сомаға жол қозғалысы ережесін бұзған. Алайда айыппұлының ешқайсысын төлемеген.

> «Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын және құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында Алматы полициясы тұрақты негізде рейд өтікізіп отырады. Шара барысында 37 млн теңге көлемінде айыппұл салынған көліктер анықталды», — деп хабарлады ведомстводан.

Құқық бұзушылардың көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

> «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес келген жері бойынша тәркілеу туралы хаттама толтырылды. Көлікті айыппұл тұрағынан босату тек айыппұлды толық өтегеннен кейін ғана жүзеге асырылады», — деп мәлімдеді жергілікті полиция қызметінің жедел іздестіру бөлімінен.

Фото: Nur.kz

---

Жарияланды: 2024-11-04T10:17:21+06:00

Жаңартылды: 2024-11-04T10:17:21+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/11/04/almatyda-7-mln-te%d2%a3ge-ajypp%d2%b1ly-bar-k%d3%a9lik-zh%d2%afrgizushisi-%d2%b1staldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.