inDrive 2024 жылы жолаушылар жиі ұмытып кететін заттардың ТОП-5 тізімін жариялады. Қазақстандықтар кілт пен сөмкесін жиі ұмытып кететін болған, ал ерекше заттардың арасында тақияға салынған қазы мен бір килограмм тас та бар.
inDrive жаһандық көлік және қалалық қызметтер платформасының мамандары 2024 жылғы inDrive.Межгород және inDrive.Городские поездки қызметтеріне қазақстандықтардың қолдау қызметіне жіберген өтініштерін талдады. Алынған деректерге сүйеніп, таксиде жиі ұмытылған заттардың рейтингін жасады. ТОП-5 тізімге енгендер:
- Кілт (27%)
- Сөмке (23%)
- Пакет (20%)
- Құлаққап (9%)
- Құжаттар (4%)
Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда қазақстандықтар кілтін (бұрын 23% болған), құлаққап пен құжаттарын жиі ұмытып кететін болған (өткен жылғы рейтингте олар жоқ еді). Ұялы телефон, әмиян немесе тарағын ұмытып кету айтарлықтай төмендеген (бұрын сәйкесінше 5%, 18% және 11% болған).
Сонымен қатар, компания ұмытылған ең ерекше заттар жайлы айтты. Мәселен, 2024 жылы жолаушылардың бірі артқы орындықта “тақияға салынған жарты килограмм қазы” ұмытып кеткен. Тағы бір ретте “шамамен бір килограмм тас” тауып алған, кейін жолаушы оларды Шарын шатқалынан кәдесый ретінде алып келе жатқаны анықталды. Сондай-ақ арасында қазақстандықтар таксиде қан қысымын өлшейтін аппарат, 16 канистр, микротолқынды пеш, неке жүзігі, бала бағушы монитор және тойбастар қалдырып кеткен.
«Біз күн сайын жоғалған немесе табылған заттар бойынша 146 өтініш аламыз. Жалпы, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 44 000-нан астам өтініш келіп түсті. Айта кетсек, жоғалған заттар жайлы тек қала ішіндегі жолаушылар мен жүргізушілер ғана емес, сонымен қатар қалааралық сапар жолаушылары да хабарлайды. Қандай қашықтық болса да, қолданушылардың өтініштерін қолдау қызметі тіркейді және біз заттарды иелеріне қайтаруға қашан да көмектесуге дайынбыз», – деп атап өтті inDrive қолдау қызметінің Қазақстандағы жетекшісі Мария Судаева.
inDrive мамандары жоғалған затты тез табу немесе қайтарудың ең жылдам жолы – қолданба ішіндегі чат, электрондық пошта немесе әлеуметтік желілердегі жеке хабарламалар арқылы қолдау қызметіне жүгіну екенін еске салады. Компания қызметкерлері жолаушы немесе жүргізушімен байланысып, өтініш иесіне нәтижесі туралы хабарлайды.
Компания туралы
inDrive – Калифорния, АҚШ, Маунтин-Вью қаласында орналасқан көлік және қалалық қызметтер ұсынатын жаһандық платформа. 2022 және 2023 жылдары inDrive қолданбасы әлем бойынша екінші ең көп жүктелген жол жүру қолданбасы болып, 240 миллионнан астам рет жүктелген. Жол жүруден басқа, inDrive қалааралық және жүк тасымалдары, шебер шақыру, курьерлік және B2B жеткізу сияқты қызметтер тізімін ұсынады.
inDrive әлемнің 46 еліндегі 779-дан астам қалада жұмыс істейді. Компания жергілікті қауымдастықтарды қолдау үшін келісім бойынша төлем моделі мен білім беру, спорт, өнер, ғылым, гендерлік теңдік және басқа өмірлік маңызды бастамаларды жақсартуға бағытталған қолдау бағдарламаларын ұсынады.
Толық ақпаратты www.inDrive.com сайтынан алуға болады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз