---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/11/01/n%d2%b1r%d2%9bozha-%d2%9bajpanov-erkin-k%d2%afresten-%d3%99lem-chempiony-atandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды

![Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/11/1730300381.jpg)

**Албания астанасы Тирана қаласында олимпиадалық емес салмақтарда еркін күрестен өтіп жатқан  әлем чемпионатында Нұрқожа Қайпанов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бұған дейін 2019 жылы Астанада өткен әлем біріншілігінде күміс алған 70 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық балуан финалда жапониялық Йошиносуке Аоягимен сынға түсті.

Бірінші кезең 1:0 есебімен жапониялық спортшының пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде Нұрқожа 3:1 есебімен алға шықты. Қорытынды есеп – 5:3, Нұрқожа Қайпановтың пайдасында.

Осылайша, Н.Қайпанов Ризабек Айтмұқанның өткен жылғы жетістігін қайталады.

Фото: Olympic.kz

---

Жарияланды: 2024-11-01T05:10:44+06:00

Жаңартылды: 2024-11-01T05:10:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/11/01/n%d2%b1r%d2%9bozha-%d2%9bajpanov-erkin-k%d2%afresten-%d3%99lem-chempiony-atandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.