---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/30/%d2%afkimet-%d2%b1ltty%d2%9b-%d2%9bor-aktivterin-100-mlrd-dollar%d2%93a-%d2%b1l%d2%93ajtudy-zhosparlap-otyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үкімет Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға ұлғайтуды жоспарлап отыр

![Үкімет Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға ұлғайтуды жоспарлап отыр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/lmpuyl3wvocfkdaucicwk9fjfyuvalnmvkdgaclp.jpg)

**Үкімет 2030 жылға қарай Ұлттық қордың валюталық активтерін 100 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Толығырақ ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтып берді.

> «Ұлттық қордан алынатын қаржы көлемін ескере отырып, 2027 жылға дейін қор түсімін 78,7 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр. Бұл мақсатқа жету жолында біздің есептеулер бар, 2030 жылға дейін 5 жыл уақыт бар. Бірінші фактор, әрине мұнай өндіру көлемі. 2030 жылға қарай ол шамамен 105 млн тонна көлеміне жетеді, бұл ретте біз күтетін орташа баға барреліне 75 доллар деп отырмыз», — деді Нұрлан Байбазаров Мәжілістің жалпы отырысында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында.

Министрдің айтуынша, Ұлттық қорды сақтау мен жетілдірудің екінші факторы – қаржыны үнемдеу.

> «Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін біз 2026 жылдан бастап Ұлттық қордан алынатын қаржы көлемін 5 5 млрд долларға дейін төмендетуіміз керек. Осы екі негізгі фактор мақсатқа жетуге жол сілтейді», — дейді ол.

Сондай-ақ, Нұрлан Байбазаров Үкімет трансферттерді бюджет кірісі есебінен қаржыландыру үшін жұмыс істейтінін айтты.

*Фото: Informburo.kz*

---

Жарияланды: 2024-10-30T11:56:37+06:00

Жаңартылды: 2024-10-30T11:56:37+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/30/%d2%afkimet-%d2%b1ltty%d2%9b-%d2%9bor-aktivterin-100-mlrd-dollar%d2%93a-%d2%b1l%d2%93ajtudy-zhosparlap-otyr/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.