---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/29/mycar-kz-zha%d2%a3a-avtok%d3%a9likterge-arnal%d2%93an-%d2%9baza%d2%9bstanda%d2%93y-t%d2%b1%d2%a3%d2%93ysh-marketplejs-t%d2%b1sauyn-kesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Mycar.kz жаңа автокөліктерге арналған Қазақстандағы тұңғыш маркетплейс тұсауын кесті

![Mycar.kz жаңа автокөліктерге арналған Қазақстандағы тұңғыш маркетплейс тұсауын кесті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/5262852195383108708.jpg)

Бүгін, 2024 жылғы 29 қазанда, Алматыда Mycar.kz жаңа автокөліктерге арналған Қазақстандағытұңғышмаркетплейсті таныстырды. Іс-шараға қызығушылық танытқан адамдар офлайн және онлайн форматтақатыса алды.

Болжам бойынша, 2027 жылға қарайәлемдеэлектронды автокоммерция нарығының көлемі 88 миллиард долларға жетеді. Сондаболжамды кезеңдегі жылдық өсім орташа есеппен 12% құрайды.[Ernst & Young](https://www.ey.com/en_vn/automotive-transportation-future-retail)жүргізген соңғы зерттеулерге сәйкес, әлемдегі автокөлік сатып алушылардың 46%-ы көлікті онлайн сатып алу мүмкіндігі болғанын қалайды.

Әлемдік трендтер мен қазақстандық сатып алушылардың онлайн саудаға артықшылық беріп отырғанын ескере отырып, Mycar Group жаңа автокөліктерге арналған маркетплейсін жасады.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/10/5262852195383108667-1024x768.jpg)

> Astana Group негізін қалаушы Нұрлан Сымағұлов:*«Цифрлық технологияларды дамыту мен заманауи талаптарға сай қызметтерді ұсынбаса, біздің бизнес өзектілігін жоғалтуы мүмкін екенін түсіндік. Бұл түсінік автомобиль саласында экожүйелік бизнес құрып, цифрлық технологияларды енгізу шешімін қабылдау**ға**ынталандыр**ды**. Біздің мақсатымыз — автокөлік иеленудің барлық кезеңдерін барынша цифрландыру. Біз Mycar.kz қосымшасын жетілдіріп жатырмыз, ол клиенттерге жаңа автокөліктерді онлайн сатып алу**ды**, автонесиелер алу**ды**, көлікті тіркеу**ді**, қызмет көрсету**мен алып-сатуды**бір жерде**н атқаруға мүмкін**дік береді»**, — деді**.*

Платформа 25 дилерлік орталықта қолжетімді жаңа автокөліктерді қамтитынцифрлі витринаретінде қызмет етеді. Бүгінгі таңда маркетплейс Hyundai, Subaru, Chery, Changan, Haval және Tank брендтерін ұсынады. Клиенттерге қолжетімділікті арттыру және ұсыныстарды кеңейту мақсатында жақын арада маркетплейске10дейін бренд, Қазақстан бойынша 155 жеке және тәуелсіз дилерлік орталықтар қосылып,жаңа ғана емес,жүрілген автокөліктердідеонлайн сату енгізілмек.

Маркетплейстің басты артықшылығы — ыңғайлыжәне көліктісатып алу жылдамжүреді. Маркетплейс арқылы автокөлік сатып алу процесі небәрі 25 минут уақыт алады. Дәстүрлі әдісте әдеттерәсімдеу 6,5 сағатқа дейін созылар еді.

Ең маңызды функциялардың бірі — Mycredit қызметі. Ол бір терезеде 8 банктен несие ұсыныстарын алуға мүмкіндік береді. Сатып алушылар банктерге бармай-ақ, автонесиелеу бойынша ең тиімді шарттарды таңдай алады.

Маркетплейс толық онлайн интеграцияланған. Автокөлікті таңдаудан бастап құжаттарға қол қоюға дейінгі барлық кезеңдер Mycar.kz қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Бұған төлем жасау және автокөлікті үйге жеткізу мүмкіндігі де кіреді.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/10/5262852195383108677-1024x774.jpg)

> Mycar Group компаниясының өнімді дамыту жөніндегі директоры Диас Мұхамедиев *«Адамдардың, әсіресе жастардың, дилерлік орталықтарға барып, автокөлік таңдау мен кеңесшілермен ұзақ уақыт сөйлесуге уақыт жұмсағысы келмейтінін байқаудамыз. Олар бүкіл процесті оңай және жылдам өткізуді қалайды. Біз уақыт талабына сәйкес**тенуге**дайынбыз және цифрлық технологияларды бизнесіміздің барлық саласына енгізудеміз. Сондықтан біз осы үдерісті жеңілдететін өнім жасадық», — деп атап өтті.*

Бұл ерекшеліктер Mycar.kz маркетплейсінің инновациясы мен ыңғайлылығын айқындайдыү Бастысы,оны сатып алушылар мен серіктестер үшін тартымды етеді.

---

Жарияланды: 2024-10-29T09:16:25+06:00

Жаңартылды: 2024-10-29T09:16:25+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Бизнес](https://qazaqpress.kz/category/biznes/), [Технология](https://qazaqpress.kz/category/tehnologiya/), [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/29/mycar-kz-zha%d2%a3a-avtok%d3%a9likterge-arnal%d2%93an-%d2%9baza%d2%9bstanda%d2%93y-t%d2%b1%d2%a3%d2%93ysh-marketplejs-t%d2%b1sauyn-kesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.