---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/29/erzhet-zharly%d2%9basyn-grek-rim-k%d2%afresinen-%d3%99lem-chempionatyny%d2%a3-finalynda-%d3%a9ner-k%d3%a9rsetedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді

![Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/960_a9a66d23dd654d583b12dd3a2235bf2d.webp)

**Тирана қаласында (Албания) грек-рим күресінен олимпиадалық емес салмақтарда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ержет Жарлықасын финалға шықты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қазақстандық балуан 63 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда поляк Мишал Трачщты қапы қалдырды.

Ширек финалда франциялық Стефан Клементті мерзімінен бұрын ұтты.

Ал жартылай финалда ресейлік Садық Лалаевты 8:0 есебімен тізе бүктірді.

Е.Жарлықасын белдесуінің бәрі ойдағыдай болғанын, енді чемпиондық атақ үшін барын салатынын жеткізді.

Ержет Жарлықасын 29 қазан күні финалда әзербайжандық Нихат Маммадалимен алтын жүлдені сарапқа салады.

Фото: Olympic.kz

---

Жарияланды: 2024-10-29T04:16:03+06:00

Жаңартылды: 2024-10-29T04:16:03+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/29/erzhet-zharly%d2%9basyn-grek-rim-k%d2%afresinen-%d3%99lem-chempionatyny%d2%a3-finalynda-%d3%a9ner-k%d3%a9rsetedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.