Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Арсен Томский Орталық Еуразияның Кремний алқабындағы алғашқы технологиялық конференциясына қолдау көрсетті

admin by admin
28 октября, 2024
Арсен Томский Орталық Еуразияның Кремний алқабындағы алғашқы технологиялық конференциясына қолдау көрсетті

Кремний алқабында Орталық Еуразия өңіріне арналған алғашқы технологиялық конференция – Silkroad Innovation Hub өтеді. Іс-шараға әлемнің жетекші технологиялық компаниялары, университеттер, венчурлық қор өкілдері мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы стартаперлері қатысады. inDrive компаниясы және Арсен Томский жеке өзі конференцияның серіктесі болды.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Silkroad Innovation Hub – Кремний алқабында Орталық Еуразияны біртұтас өңір ретінде ілгерілету мақсатында құрылған жеке бастама. Хаб өңір елдерінен келген IT кәсіпкерлердің өзара байланысын дамытуға және ынтымақтастығын арттыруға арналған платформа ретінде қызмет етеді.

Орталық Еуразиядағы алғашқы технологиялық конференция (Central Eurasia @ Silicon Valley) 2024 жылғы 25 қазанда Сан-Франциско қаласындағы атақты Yerba Buena Center for the Arts (YBCA) орталығында өтеді. Іс-шараға технологиялық индустрияның көшбасшылары, инвесторлар, стартаптар мен кәсіпкерлер Орталық Еуразия мен Кремний алқабынан жиналады. Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірдің әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсету, сондай-ақ жергілікті және халықаралық ойыншылар арасындағы байланысты нығайту.

“Бұл іс-шара өңірдің әлеуетін көрсетуге, қазіргі мүмкіндіктерді айқындауға және жергілікті әрі халықаралық ойыншылар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Таяу Шығыс және Солтүстік Африка (MENA) мен Шығыс Еуропа өңірлеріндегі стартап экожүйелерінде болғандай, Орталық Еуразия болашақ «единорог-компаниялар» пайда болатын келесі орталыққа айналады деп сенеміз. Конференция идеялармен алмасуға, серіктестіктер құруға және инвестициялар тартуға арналған платформа болады, бұл біздің өңірдегі технологиялық сектордың дамуын жеделдетуге ықпал етеді”, – дейді Silkroad Innovation Hub ұйымдастырушылары.

Конференцияға Қазақстанның табысты стартаптары қатысады. Олардың арасында Parqour – 99,9% дәлдікпен жұмыс істейтін смарт-тұрақ шешімі, YAYA – балалар іс-шараларына арналған 1 млн доллар айналымы бар бірыңғай абонемент, және ARLAN BIOTECH – дәрі-дәрмек әзірлеуге арналған жасанды интеллект негізіндегі инновациялық платформа бар.

Конференцияға 1000-нан астам қатысушы және 50 жаһандық деңгейдегі спикер қатысады, олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан үкіметтерінің жоғары лауазымды тұлғалары, Coursera бас директоры Джефф Маджионкалда, Glean бас директоры Арвинд Джейн, Unshackled Ventures негізін қалаушы және серіктесі Нитин Пачисия, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебінің профессоры Илья Стребулаев, сондай-ақ Беркли университетінің профессорлары және басқа да сарапшылар бар.

Орталық Еуразияның ең табысты 100 стартап жобасы Startup Expo көрмесінде өздерінің бірегей өнімдерін ұсынады. Сондай-ақ әрбір стартап GGW Sharks Pitch Competition питчинг байқауына қатысып, Кремний алқабының үздік инвесторларына өз жобаларын ұсынады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Айта кету керек, inDrive Silkroad Innovation Hub негізі қаланған сәттен бастап оның серіктесі болды.

Компания Қазақстан нарығында 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді, inVision атты коммерциялық емес бөлімшесі арқылы әлеуметтік маңызы бар бастамаларды белсенді түрде қолдайды. inVision бағдарламалары қауымдастықтарды қолдау арқылы білім беру, спорт, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және басқа да маңызды бастамаларды дамытуға ықпал етеді. Іс-шараны Freedom Holding, Astana Hub және IT Park Uzbekistan қолдады.

Анықтама үшін:

Silkroad Innovation Hub 2023 жылы АҚШ-тың Пало-Альто қаласында Орталық Азиядан шыққан екі негізін қалаушы – Асет Абдуалиев (Қазақстан) және Асрор Арабджанов (Өзбекстан) тарапынан құрылды. Ұйым Кремний алқабында және АҚШ нарығында кәсіпорындарын құру немесе кеңейту жолдарын іздестіріп жүрген Орталық Еуразияның стартаптары мен кәсіпкерлерін қолдайды.

inDrive туралы ақпарат

inDrive – Маунтин-Вью (Калифорния, АҚШ) қаласында орналасқан көлік және қалалық қызметтер платформасы. 2022 және 2023 жылдар аралығында inDrive қосымшасы әлемде жүктелу саны бойынша екінші орында тұр. Қосымшаны 240 миллионнан астам адам жүктеген. Жолаушылар тасымалынан бөлек, inDrive қызметтердің кеңейіп жатқан тізімін ұсынады, оның ішінде қаларалық және жүк тасымалдау, шеберді шақыру, курьерлік және B2B жеткізу қызметтері бар.

inDrive әлемнің 46 еліндегі 779-дан астам қалада жұмыс істейді. Компания келісілген төлем моделі мен қауымдастықтарды қолдау бағдарламалары арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайды, бұл білім беру, спорт, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және өмірлік маңызы бар басқа да бастамаларды жақсартуға көмектеседі.

Толық ақпарат: www.inDrive.com

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматыда төбелес болып, 1 адам пышақ жарақатын алды

Келесі жаңалық

Supernovas және ҚФФ-тің бірлескен бастамасы: «D» санатты футбол жаттықтырушы лицензиясын алуға арналған онлайн-курс ашады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Supernovas және ҚФФ-тің бірлескен бастамасы: «D» санатты футбол жаттықтырушы лицензиясын алуға арналған онлайн-курс ашады

Supernovas және ҚФФ-тің бірлескен бастамасы: «D» санатты футбол жаттықтырушы лицензиясын алуға арналған онлайн-курс ашады

Жүрек төрт рет тоқтады: алматылық дәрігерлер науқасты миокард инфарктісінен аман алып қалды

Жүрек төрт рет тоқтады: алматылық дәрігерлер науқасты миокард инфарктісінен аман алып қалды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаевтың жаңа штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

Тоқаевтың жаңа штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

15 июня, 2021
AUYL FEST – 2026: ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

AUYL FEST – 2026: ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

21 марта, 2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

14 апреля, 2026

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.