---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/28/almatyda-t%d3%a9beles-bolyp-1-adam-pysha%d2%9b-zhara%d2%9batyn-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда төбелес болып, 1 адам пышақ жарақатын алды

![Алматыда төбелес болып, 1 адам пышақ жарақатын алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/1551265347_news_b.webp)

**Алматыда ер адамдар арасында жанжал шығып, азаматтардың бірі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Желідегі мәліметке сәйкес, кикілжің кезінде күдіктілердің бірі пышақ қолданған.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталғанын хабарлады.

> — Бостандық аудандық полиция басқармасы денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныс емес ер адамдар арасында жанжал шыққан. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, — деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

*Фото: almaty.tv*

---

Жарияланды: 2024-10-28T06:24:09+06:00

Жаңартылды: 2024-10-28T06:24:55+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/28/almatyda-t%d3%a9beles-bolyp-1-adam-pysha%d2%9b-zhara%d2%9batyn-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.