---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/28/%d2%afsh-k%d2%afnde-4-esirtki-zerthanasy-zhojyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үш күнде 4 есірткі зертханасы жойылды

![Үш күнде 4 есірткі зертханасы жойылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/screenshot-20241028-081511-gallery.jpg)

**Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті қарқынды жүргізіп келеді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Polisia.kz. жазды.

> — Үш күн ішінде полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады, олардың екеуі шетел азаматы. Сондай-ақ 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг «синтетика» және 11 кг марихуана тәркіленді. Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл жұмыс жалғасуда, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

*Фото: Polisia.kz*

---

Жарияланды: 2024-10-28T06:20:23+06:00

Жаңартылды: 2024-10-28T06:25:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/28/%d2%afsh-k%d2%afnde-4-esirtki-zerthanasy-zhojyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.