---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/25/tal%d2%93arda-izolyatordan-%d2%9bash%d2%9ban-k%d2%afdikti-%d2%b1staldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Талғарда изолятордан қашқан күдікті ұсталды

![Талғарда изолятордан қашқан күдікті ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/671b14fe52443898811611.jpg)

**Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен айыпты құрықталды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

> «Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу шараларына қоғам белсенділері мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар атсалысты», — делінген хабарламада.

Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды.

> «Күдіктіге негізгі қылмысынан бөлек қамаудан қашқаны үшін айып тағылады», — дейді құзырлы департаменттен.
> 
> 
> 
> 
> Фото: Polisia.kz

---

Жарияланды: 2024-10-25T05:04:22+06:00

Жаңартылды: 2024-10-25T05:04:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/25/tal%d2%93arda-izolyatordan-%d2%9bash%d2%9ban-k%d2%afdikti-%d2%b1staldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.