Жетісу облысы прокурорларының актілері бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларының қызметіндегі бұзушылықтар жойылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Прокурорлық тексеру облыстағы зертханалардың тиісті лицензиясыз, құрал-жабдықтарсыз және химиялық реактивсіз жұмыс істегенін көрсетті.
«Осы уақыт ішінде олар формалды түрде 8 мыңға жуық сараптама актісін шығарған.
Тексеру қорытындысы бойынша 5 зертхананың ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу қызметі уақытша тоқтатылды.
Ветеринариялық станция басшылығы бастаған кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылса, зертхана директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жазды бақылаушы органнан.
Қазіргі уақытта зертханалардың қызметі сәйкестендіріліп, жұмысы қайта жанданды.
Фото: sozmedia.kz
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз