Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Жұрт үстінен күн көріп, мал табуды ойлайды»: Мәжіліс депутаты өзін би сайлап алғандарды тексеруді ұсынды

admin by admin
23 октября, 2024
«Жұрт үстінен күн көріп, мал табуды ойлайды»: Мәжіліс депутаты өзін би сайлап алғандарды тексеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек кейінгі кезде елімізде өзін-өзі сайлап алған жалған «билер» көбейгенін айтып, Бас прокурор мен Әділет министріне оларды тексерді ұсынып, сауал жолдады, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

— Кемеңгер Абай кезінде аузымен орақ орған пысықайларға қарата «Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын» деп, оларды қатаң сынаған еді. Өкінішке қарай, соңғы кезде елімізде осындай өзін-өзі сайлап алған жалған «билер» жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаулап өсіп, көбейіп кетті.

«Қазақ билері», «Қазақ билер алқасы» секілді атаулармен құрылған түрлі рулық-жүздік қоғамдық ұйымдар қаптады. Тіпті, ресми тіркелмей-ақ өз алдына оңаша отау құрып, би болып жүргендер де жетерлік. Бұдан бөлек, ат төбеліндей аз ғана топтың қолдап-қолпаштауымен Бас би атанып, асатаяқ ұстап, ақыл айтып, шешім шығарып жүргендер де бар.

Олардың кейбірінің ниеті дұрыс болғанымен, көбінің мақсаты – атын шығарып, атақ алу, жұрт үстінен күн көріп, мал табу секілді. Осындай жұрт білмейтін, елге айтарлықтай еңбегі сіңбеген, көпшілік мойындамаған қаптаған билер әр іске жөнсіз араласып, көсемсіп, жұртты жік-жікке бөлуімен қоймай, өзара таласып, қазақтың ғасырлар қойнауындағы қасиетті билер институтына кір келтіре бастады.

Би дегенде қазақтың ойына ең алдымен ақылы асқан әйгілі Төле би, Қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би, шешен де көсем Әйтеке би, топтан озған Толыбай би секілді таңдаулы тұлғалар келетін еді. Атам заманнан қалған билер институты бұл бүгінгі сот билігі.

Ал қазіргі қаптаған билер осы қастерлі атақ, абыройлы тәрбиенің қадірін кетіріп, құнын түсіруде. Сондықтан осы билер ұйымдарының жұмысын жіті тексеретін уақыт келді.

Біз нақты құрылымдалған сот жүйесі бар, әрбір азаматы алқабилер мен халықаралық стандарттарға сәйкес құқықтық қорғау құқығына ие елде өмір сүріп жатырмыз.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ал билер келіп, сол қалыптасқан норманы бұзбақшы ма?! Олай болмаса, олардың көздегені не, мақсаты не? Неге өздерін өздері би сайлап алған? Кім оларға мұндай өкілеттік берген?! Әрбір өңірде жергілікті әкімдік пен Мәслихаттар, сот билігі мен құқық-қорғау органдары бар, ақсақалдар мен қоғамдық кеңестер заң аясында қызмет етуде. Туындаған мәселелені шешетін де, көтеретін де осы заңды ұйымдар мен мекемелер. Яғни заң мен тәртіп концепциясын іске асыратын билік тармақтары бізде нақты айқындалған.

Біз тарихи жадымыздың маңызды екенін түсінеміз, бірақ болашағымыз жарқын болу үшін кеше мен бүгінді шатастырып алмауымыз керек. Осы ретте, Президентіміз айтқандай: «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. …Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек» – деген сөздерін басшылыққа алуымыз қажет.

Сондықтан, өздерін би сайлап, мәселелерге пәтуа шығарып жүрген түрлі адамдардың әрекетіне нақты құқықтық баға берілуі тиіс. Біз тек заң үстемдік етіп, тәртіп билейтін қоғамда өмір сүруіміз қажет.

Осы ретте, Әділет министрлігі, Бас Прокуратура еліміздегі қазіргі түрлі «билер» атын жамылған ұйымдардын жұмысына тексеру жүргізіп, олардың қызметінің заңға сәйкестігін пысықтауы керек, — деді депутат.

Фото: aikyn.kz

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жетісу облысының ветеринарлары 8 мыңға жуық жалған зертханалық сараптама жүргізген

Келесі жаңалық

Алматы облысында көне жәдігер табылды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Категориясыз

«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады

14 июня, 2026
Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
Категориясыз

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

12 июня, 2026
Назгүл Жұмағұлова  Тәуекелі тастай кәсіпкер
Категориясыз

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

12 июня, 2026
Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр
Категориясыз

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

12 июня, 2026
«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады
Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады

11 июня, 2026
«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді
Категориясыз

«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді

11 июня, 2026
Келесі жаңалық
Алматы облысында көне жәдігер табылды

Алматы облысында көне жәдігер табылды

Бейбіт Исабаев Қазақстан Кубогында І және ІІІ орын алған «Жетісу» КВК әйелдер мен ерлер командаларын құттықтады

Бейбіт Исабаев Қазақстан Кубогында І және ІІІ орын алған «Жетісу» КВК әйелдер мен ерлер командаларын құттықтады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады

21 мая, 2026
ҚАЙТЫС БОЛҒАННАН КЕЙІНГІ ЕКІ ДОНОР: АЛТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ӨМІРІ САҚТАЛЫП ҚАЛДЫ

ҚАЙТЫС БОЛҒАННАН КЕЙІНГІ ЕКІ ДОНОР: АЛТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ӨМІРІ САҚТАЛЫП ҚАЛДЫ

24 ноября, 2025
Алматыда заңсыз салынған тағы бір ғимарат бұзылды

Алматыда заңсыз салынған тағы бір ғимарат бұзылды

27 мая, 2024

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
  • «Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
  • Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.