Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Саясат

Бейбіт Исабаев Қазақстан Кубогында І және ІІІ орын алған «Жетісу» КВК әйелдер мен ерлер командаларын құттықтады

admin by admin
23 октября, 2024
Бейбіт Исабаев Қазақстан Кубогында І және ІІІ орын алған «Жетісу» КВК әйелдер мен ерлер командаларын құттықтады

Zhenis ISKABAY

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Жетісу» кәсіби волейбол клубының жаттықтырушылар құрамымен және ойыншыларымен кездесіп, Қазақстан Кубогындағы жеңісімен құттықтады. Еске салсақ, әйелдер командасы Кубок жеңімпазы атанса, ал ерлер командасы ІІІ орынға ие болды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды

— Еліміздің ұлық мерекесі — Республика күні қарсаңында сіздер облысымыз үшін, жалпы барша жанкүйерлер үшін үлкен сый жасадыңыздар. Сіздердің бұл жетістіктеріңіз — қажырлы еңбектің айқын нәтижесі ғана емес, сонымен қатар рух мықтылығының, топтық жұмыс пен кәсіби шеберліктің жарқын мысалы. Ел Кубогының қорытындысы бойынша біздің әйелдер командасы осымен тоғыз дүркін чемпион атанып отыр. Ерлер командасы да қуантты, бұл командадағы ойыншылардың көпшілігі жергілікті спортшыларымыз. Екінші жыл Ұлттық лигада ойнап, биыл бірден жүлделі ІІІ орынға ие болдыңыздар. Баршаңызды осы айтулы спорттық жетістіктеріңізбен құттықтаймын! — деді клуб басшылығына және барлық жаттықтырушылар құрамына алғысын білдірген өңір басшысы.

Спортшылардың жетістігін тілге тиек еткен Б.Исабаев клубтың бұрынғы чемпиондық даңқын қайтаратын кез келгенін атап өтті, сондай-ақ қажетті қолдау жалғасатынын да айтты. Еске салсақ, клубтың әйелдер командасының қоржынында ел чемпионатындағы 8 жеңіс бар. Өз кезегінде әйелдер командасының бас бапкері Марко Гршич облыс басшылығына қолдауы үшін алғыс білдіріп, команданың чемпиондық атағын қайтаруға бар күш-жігерлерін жұмсайтындықтарын айтып уәде берді.

Кездесу барысында қатысушылар клубтың алдағы жоспарларына тоқталды. Әйелдер командасының капитаны Карина Денисова жақында спортшыларға арналған жаңа волейбол орталығы мен тұрғын үйдің салынып берілгені сапалы жаттығуға көп көмек болғанын атап өтті.

— Біздің волейбол орталығының елімізде баламасы жоқ, онда жаттығуға қажетті жағдайлардың бәрі бар. Қазақстан Кубогындағы жеңіс — бұл біздің әрқайсымыздың күнделікті еңбегіміздің, физикалық және моральдық жағынан көрсетілген қолдаудың нәтижесі. Маусым енді басталып жатыр, дегенмен біз дұрыс бағытта келе жатқанымызды дәлелдедік, Кубокты Талдықорғанға алып келдік, – деді К.Денисова.

Кездесуді қорытындылай келе облыс әкімі спортшыларға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті, сондай-ақ алдағы жарыстарда жеңісті жолдың жалғасты болуына тілектестік білдірді:

— Алда қарашадан бастап сәуірге дейін Ұлттық лига ойыншылары арасында өтетін Қазақстан Чемпионатына қатысу міндеті тұр. Сіздерден жоғары нәтиже күтеміз. Өткен ойында қажырлы мінез танытып, сапалы ойын көрсеттіңіздер, өскелең ұрпақ сіздерден үлгі алып, сіздерге қарап өседі, — деп сөзін қорытындылады Бейбіт Исабаев.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматы облысында көне жәдігер табылды

Келесі жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

5 сентября, 2025
Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты
Саясат

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

15 июля, 2025
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды
Басты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдағы Huawei штаб-пәтеріне барды

10 июля, 2025
Креативті индустрия ұлттық жаңғырудың маңызды тетігі – Мәулен Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы
Саясат

Креативті индустрия ұлттық жаңғырудың маңызды тетігі – Мәулен Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы

20 июня, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады
Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады

21 января, 2025
Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті
Басты

Тоқаев Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті

15 января, 2025
Келесі жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Жетісу облысында 7500-ге жуық адам газға қосылуға мүмкіндік алды

Жетісу облысында 7500-ге жуық адам газға қосылуға мүмкіндік алды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінде қалды

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінде қалды

3 апреля, 2023
Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға жатқызылды

Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға жатқызылды

20 января, 2023
Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймаққа енді

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 340 адам тіркелді

24 января, 2022

Топ жаңалықтар

  • Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «MŪNAI» – Freedom Media ұсынады: жылдың басты тұсаукесері

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Тайланд бағыты бойынша жаңа рейстің ашылуы
  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Orda.kz және ҚазТАГ: ақпараттық соғыстардың құқықтық салдары

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.