---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/23/almaty-oblysynda-k%d3%a9ne-zh%d3%99diger-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында көне жәдігер табылды

![Алматы облысында көне жәдігер табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/2024-10-23_19-22-26.jpg)

Алматы облысында петроглифтері бар көне тас табылды. Онда аңдарды аулаған, кейде адамдарға да шабуыл жасаған құбыжықтар бейнеленген.

Құнды жәдігерді үй құрылысына бөлінген аймақты тазалау кезінде Алматы облысының тұрғыны тапты.

> “Біз үйдің іргетасын қалау үшін жерді тегістеумен айналыстық. Сол кезде бір тасты таптық. Бастапқыда оған мән бермеп едік. Тек онда бейнеленген оғаш суреттерді көргенде ғана, археологтарға жүгінуді жөн көрдік”, — дейді құрылыс басшысы Ахмад Байдәурен.

Ғалымдардың айтуынша, петроглифтер қола дәуірінің соңына жатады. Суреттер тас немесе металл құралдарымен салынған.Сарапшылар мұндай бейнені алғаш рет көріп отырғандарын айтады.

> ***«******Тастың беткі қабатында өткір тырнақтары бар құбыжық бейнеленген. Көне заманда оларды жезтырнақ дейтін. Ал артқы бетте найзамен қаруланып, өз мал-мүлкін қорғаған адамдар салынған. Қарудың бағытына қарағанда, адамдар тек қорғанып қана қоймай, жезтырнақтарды аулаған деген болжам бар»,***дейді археологтардың бірі.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/10/img_7564-768x1024.jpg) ![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/10/img_7559-768x1024.jpg)

---

Жарияланды: 2024-10-23T14:29:11+06:00

Жаңартылды: 2024-10-23T14:29:11+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/23/almaty-oblysynda-k%d3%a9ne-zh%d3%99diger-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.