АУЫР ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ШЕТЕЛДЕ ЕМДЕЛУІНЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.
Халықаралық обырды зерттеу агенттігінің мәліметі бойынша, 2022 жылы әлемде қатерлі ісіктен 9,7 миллион адам қайтыс болып, 20 миллион адамның қатерлі ісікке шалдыққандығы туралы тіркелген. Бұл көрсеткіш 2050 жылға қарай 77 пайызға артып, 35 миллионға жетеді деп болжануда. Осы жағдайлардың көпшілігінде заманауи медицина адамдарға көмектесе алады, бірақ бұл ауруларды емдеу емделуші үшін әрқашан қымбатқа түседі. Қазақстандықтарға ауыр дертті емдеуде қаржыландыруды уақтылы шешуге көмектесу үшін «Халық-Life» АҚ жаңа «Үміт-Life» сақтандыру бағдарламасын шығарды.
Бүкіл әлемде адам өміріне қауіп төндіретін ауыр науқастардан сәтті емделу көбінесе медициналық көмектің уақтылы көрсетілуі мен сапасына байланысты болады. Ауыр дертке шалдыққан тұлғалар өз науқасы жайлы үйренген жағдайда эмоционалдық күйзеліске түсіп қана қоймай, білікті дәрігерлерді табумен қатар, емделуге қаржы табу мәселесімен айналысуына тура келеді. Осындай жағдайларда сапалы емделуге қаражат алудың ең сенімді көзі — «Халық -Life» АҚ-ның «Үміт-Life» бағдарламасының сақтандыру полисі болуы мүмкін.
«Кез келген адам үшін өмірде қауіпсіздік пен қамқорлықты сезіну маңызды. Бірақ өмір белгісіз жағдайларға толы. Жаһандық аурулар статистикасы бойынша шамамен әрбір бесінші адам өз өмірі ішінде қатерлі ісіктің қандай да бір түрімен ауырады екен. Сондықтан біз қазақстандықтар үшін «Үміт-Life» жаңа сақтандыру өнімін шығаруды жөн көрдік. Осы өнім бойынша сақтандыру полисі бар біздің клиенттеріміз қатерлі ісік диагнозы қойылған жағдайда, біздің сақтандыру компаниясы есебінен шетелде емделудің медициналық шығындарын, іссапар шығындарын және тұрғын үйді жалдау шығындарын төлей алады. Бұл орайда медициналық қызметтерді ұйымдастырудағы біздің халықаралық серіктесіміз — Madanes Advanced Healthcare Services Ltd. үздік халықаралық медициналық клиникаларда клиентке, қысқа мерзім ішінде кәсіби медициналық көмектің көрсетілуін тез ұйымдастырады. Біз өз клиенттерімізге емделуге болатын сома аясында және қажет болған жағдайда клиент ем қабылдай алатын елдердің тізімі шеңберінде 4 бағдарламаны таңдауды ұсынамыз. Бір ерекшелігі, мұндай сақтандыруды қажет болған жағдайда басқа адамға ресімдеуге болады. Ата-ана полисті баласына, ал жұмыс беруші қызметкерлері үшін сатып ала алады», — дейді «Халық -Life» АҚ Басқарма төрайымы Жұбаниязова Жанар Адилбековна.
«Үміт-Life» сақтандыру полисіне қатерлі ісіктердің жаңадан түзілу диагностикасы, жүрекке операция жасау немесе нейрохирургиялық операциялар жасаудың қажеттілігі, сондай-ақ қажет болған жағдайда сүйек кемігін немесе тұтас органды немесе оның бір бөлігін трансплантациялау сияқты сақтандыру жағдайлары кіреді. Бағдарламаға байланысты ем алу Түркия, Оңтүстік Корея, Испания, Еуропа елдері, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей Федерациясы сияқты елдерде мүмкін болады. «Халық -Life» АҚ клиентті емдеу және жол шығындарын төлейтін сақтандыру сомасын да өз қалауы бойынша таңдай алады. Ол сома 100 -ден 200 мың АҚШ долларын құрайды.
Сақтандыру полисін бүкіл Қазақстан бойынша «Халық-Life» АҚ-ның кез келген филиалында рәсімдей аласыз.
«Халық -Life» АҚ – «Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» еншілес компаниясы» акционерлік қоғамы 2005 жылы құрылған, Қазақстанның сақтандыру нарығындағы сақтандыру сыйлықақыларының көлемі бойынша, сондай-ақ «Өмірді сақтандыру» саласындағы қаржылық көрсеткіштер бойынша көшбасшы болып табылады.
Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына 28.12.2022 жылы берілген № 2.2.12 лицензиясы бар. Компания «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ мүшесі болып табылады.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз