---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/19/almatyda-taza-%d2%9baza%d2%9bstan-akcziyasy-ayasynda-ekorejndzherler-%d2%9boz%d2%93alysy-%d2%9b%d2%b1ryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «ЭкоРейнджерлер» қозғалысы құрылды

![Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «ЭкоРейнджерлер» қозғалысы құрылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/8a197110-6574-4b79-a466-6ba87920bd42.jpeg)

Алматыда«Таза Қазақстан»жалпыұлттық акциясы аясында,«ЭкоРейнджерлер» жасағықұрылып, оған қаламыздың 1000-нан астам жастары қосылды. Жастардың бастамасын елімізге танымал блогерлер мен қоғамдық пікір көшбасшылары қолдап, амбассадор болуға ниет білдірген.Бұл бастама жастардың экологиялық өмірге белсенді қатысып, қаламыздыңтазалығына үлес қосуғабағытталған.

«ЭкоРейнджерлер»тобы экологиялық акцияларда, сенбіліктердежәне ағаш отырғызу шараларында белсенді қатысуды жоспарлап отыр. Олардың басты мақсаты— Алматының табиғатын қорғаужәнеқоршаған ортаға қамқорлық көрсету.

Сонымен қатар,«ЭкоРейнджерлер»жастарға экология жөнінде білім беру, табиғаттықорғау, жастар арасында экомәдениеттідамытуға бағытталғансеминарлар мен тренингтер өткізуге ниетті.

«Біз Алматының экологиясын жақсартуға өз үлесімізді қосу үшін осы топты құрдық. Таза қала — баршаға ортақ міндет, сондықтан жастардың белсенділігі аса маңызды. Біз экология мәселелеріне назар аударып,және қала жастарын бізге қосылуға шақырамыз»,— жас экорейнджер

Осылайша «ЭкоРейнджерлер»Алматыныңтазалығына бей-жәй қарамайтын жандарды өздерінің қатарына қосылуға шақыруда.Олар өздерінің белсенділігімен экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосып, қоғамға үлгі болуға ниетті.

Айта кетейік,Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында 18-24 қазан аралығында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қаланы көріктендіру мен көгалдандыруға бағытталған «Жарқын күз» акциясы өтіп жатыр.

«Экорейнджерлер» қатарына қосылу үшін:+7 775 462 31 40

[#ТазаҚазақстан](https://www.instagram.com/explore/tags/%D1%82%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD/) [#Алматынашобщийдом](https://www.instagram.com/explore/tags/%D0%B0%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D1%88%D0%BE%D0%B1%D1%89%D0%B8%D0%B9%D0%B4%D0%BE%D0%BC/) [#жарқынкүз](https://www.instagram.com/explore/tags/%D0%B6%D0%B0%D1%80%D2%9B%D1%8B%D0%BD%D0%BA%D2%AF%D0%B7/)

---

Жарияланды: 2024-10-19T11:05:33+06:00

Жаңартылды: 2024-10-19T11:05:33+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/19/almatyda-taza-%d2%9baza%d2%9bstan-akcziyasy-ayasynda-ekorejndzherler-%d2%9boz%d2%93alysy-%d2%9b%d2%b1ryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.