---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/19/almaty-zhastary-taza-%d2%9baza%d2%9bstan-akcziyasyn-%d2%9boldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы жастары  &#171;Таза Қазақстан&#187; акциясын қолдады

![Алматы жастары  &#171;Таза Қазақстан&#187; акциясын қолдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/d9d0c392-6f05-422b-ab35-6ecfd1833843.jpeg)

Алматы қаласында «Таза Қазақстан»жалпыұлттықакциясы аясында өткен ауқымды сенбіліккеқаламыздың1500-ден астам жастарықатысты. Олардың қатарында қоғам белсенділері,студенттер жәнеАлматыдағы барлық комьюнити орталықтардың резиденттері болды. Бұл іс-шара тек қаланы тазалаумен шектелмей, жастардың бірлігін көрсеткен маңыздышараболды.

Алматы жастары экологиялық бастамаларға белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғаудағы рөлін көрсетіп келеді. Сенбілік барысында олар қаланың саябақ аймақтарын жинастырып, жаңа ағаштар отырғызды. Бұл тек экологияны жақсартуға ғана емес, сонымен қатар болашақ үшін жастардың бірігуінің символына айналды.

«Біз қаламызды жасыл әрі таза ету үшін бірігіп жұмыс істегенде, тек қана ағаш отырғызып немесе тазалықжұмыстарынжасамаймыз. Біз Алматы жастары нақты істерге дайын екенін көрсетеміз. Бұл — болашағымызға қосқан үлес. Әрқайсымыз қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауымыз керек»,—деді өз сөзінде комьюнити орталықтарының резиденті Кемелбеков Мұхамеджан.

Әрбір қатысушы туған қалаға деген қамқорлық — бұл ортақ іс екенін көрсетті.Алматы жастары мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да қаланы тазартуға бағытталған шараларға қатысатындары туралы айтты.

Айта кетейік,Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында 18-24 қазан аралығында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қаланы көріктендіру мен көгалдандыруға бағытталған «Жарқын күз» акциясы өтіп жатыр.

[#ТазаҚазақстан](https://www.instagram.com/explore/tags/%D1%82%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD/) [#Алматынашобщийдом](https://www.instagram.com/explore/tags/%D0%B0%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D1%88%D0%BE%D0%B1%D1%89%D0%B8%D0%B9%D0%B4%D0%BE%D0%BC/) [#жарқынкүз](https://www.instagram.com/explore/tags/%D0%B6%D0%B0%D1%80%D2%9B%D1%8B%D0%BD%D0%BA%D2%AF%D0%B7/)

---

Жарияланды: 2024-10-19T11:03:53+06:00

Жаңартылды: 2024-10-19T11:03:53+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/19/almaty-zhastary-taza-%d2%9baza%d2%9bstan-akcziyasyn-%d2%9boldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.