MASP Artisan House қолөнер үйінде жұмыс істейтін Даун синдромы, аутизм спектрінің бұзылуы, есту проблемалары бар жандар киім, кәдесыйлар, ойыншықтар және үй бұйымдарын өндіруге ат салысады.
Алматыда «Қолөнер бутигі» өз жұмысын бастады. Ол жерде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қолымен жасалған бірегей бұйымдар бар. Бұл өнімдердің көпшілігі жарнамалық баннерлердің, былғары аяқ киімнің, джинсылар мен пайдаланылған галстуктардың қалдықтары секілді қайта өңделген материалдардан жасалған.
Жоба авторлары — Халықаралық әлеуметтік жобалар қауымдастығы (ХӘЖҚ) — ерекше таланттар үшін бутик ашу идеясының бұдан да бұрын туындағаны туралы сөз етті. Бұл бастамаға Еуразиялық банк қолдау көрсетіп, енді ұйым қабырғасында өз шоурумы ашылды.
«Біз MASP Artisan House қолөнер үйін құрған кездегі басты мақсатымыз жастарға әртүрлі дағдыларды үйретіп қана қоймай, сонымен қатар олардың өздерін таныта отырып, ақша табуға мүмкіндік беру еді. Қолөнер бутигінің ашылуы бізге орасан зор ләззат сыйлайды, өйткені бұл адамдарға біздегі ерекше жандардың не істей алатынын көрсету мүмкіндігі. Әр жанның жекелеген ерекшеліктеріне қарамастан, олардың әрқайсысының өзіндік құндылығы бар. Әр адамның бойындағы потенциал таңқаларлық нәрсе. Ең бастысы — осы потенциалды ашуға және бірегей қабілеттерді кәдеге асыруға көмектесетін жандарды табу. Бүгін біздің жас таланттарымыз қолөнер бутигінде тағы бір қолдауға ие болды және біз оның алғашқы нәтижелерін де көріп отырмыз. Көрсетілген көмек үшін Еуразиялық банкке алғыс айтамын. Осы жетістіктің бір бөлігі — Сіздерсіздер», — деп «Қолөнер бутигінің» салтанатты ашылуында ХӘЖҚ-ның атқарушы директоры Сильвия Галбиати атап өтті».
Еуразиялық банк өкілдері өз кезегінде банк өзінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қайырымдылық бастамалар сериясы арқылы қоғамға елеулі үлес қосуға шешім қабылдағанын айтты. Солардың бірі «Қолөнер бутигін» құруға жәрдемдесу болды.
«Мерейтойлық жылда біз серіктестерімізге, клиенттерімізге, қызметкерлерімізге барынша пайдалы сыйлықтар сыйлау туралы шешімге келдік. ХӘЖҚ-мен бірнеше жылдан бері ынтымақтасып келеміз және жыл басында орталық басшылығынан осы жандарға қандай сыйлық пайда әкелетіні туралы нақтылаған едік. Олар қолөнер бутигін салу идеясын ұсынды және де біз оны қуана қолдадық. Мұнда әр тауарды жасауға қажырлы күш, махаббат пен талант жұмсалғандықтан олар баға жетпес құндылық іспеттес. «Қолөнер бутигінің» тек табысты ғана емес, сонымен қатар басқалар үшін шабыттандыратын үлгі болуын тілеймін», — деді Еуразиялық банктің PR коммуникациялар бағытының жетекшісі Айнур Ильчибаева.
«Бұл жоба менің қызыма жаңа мүмкіндіктер ашты», — дейді MASP Artisan House-да жұмыс істейтін 23 жастағы Дарияның анасы Марал Жумабекова. — Ана ретінде мен өнімдерді сатуға көмектесу арқылы біздің орталықты белсенді түрде қолдаймын. Көптеген адамдар біздің жәрмеңкелер ұйымдастырып, балаларымыздың жұмысын сол жерде сатқанымызды біледі. Бірақ бұл тұрақты негізде емес еді. Сондықтан мен Еуразиялық банкке біздің қолөнер бутигімізді құруға көмектескеніне зор алғысымды білдіремін. Енді қонақтардың бізге кез келген уақытта келіп, балаларымыздың туындыларын өз көздерімен көре алатынын сезіну бізді қуантады. Диагноздарына қарамастан, олар керемет талантты және өз қабілеттерін шығармашылық пен еңбек арқылы ашады. Әр бөлігін тіге отырып, сол әр бөлікке жүрегінің бір бөлшегін салатын аса маңызды жұмысы бар екенін білу, сол жерге келу — Дария үшін өте қажет нәрсе».
Бүгінгі таңда ХӘЖҚ тек қолөнершілерді қолдаумен ғана айналыспайтынын айта кету керек. Ұйым ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға оңалту қызметтерін көрсетеді, қиын өмірлік жағдайларға тап болған 180-ден астам отбасына көмектеседі және қауіп-қатер тобындағы және мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған кәсіптік даярлау және жұмысқа орналастыру бағдарламаларын іске асырады. ХӘЖҚ өзінің бастамалары аясында төрт бағыт бойынша сабақ өткізеді, онда 50 жасөспірім киіз өнері, ағаш өңдеу, пішу және тігу, сонымен қатар аспаздық курстарды оқиды.
ХӘЖҚ-ның тігін ісі бойынша нұсқаушы Елена Василенко: «Балаларға жаңа дағдыларды үйрету біз үшін нағыз қуаныш. Бұл жұмыс олар үшін маңызды — олар өздерін танытады және болашақта біздің көмегімізді күтпестен өмірде өз орындарын табуды үйренеді. Бүгінгі таңда бутикте стильді сөмкелер, ойыншықтар, ДК мен планшеттерге арналған қаптамалар, кәдесыйлар мен тұрмыстық заттар секілді көптеген ерекше жұмыстар ұсынылды. Әрқайсысындағы өз диагноздарымен бұндай сұлулықты жасау қиын-ақ, бірақ олар жасау процесіне енген бойда сырқаттарын тез ұмытады. Бұл керемет шабыттандырады» — деді өз сөзінде.
Қазіргі уақытта «Қолөнер бутигінде» MASP Artisan House қолөнер үйінде жұмыс істейтін ерекше қажеттіліктері бар жандар жасаған жұмыстар ұсынылған, алайда Алматының басқа ұйымдарын тарту арқылы олардың өнімдерін қала тұрғындары да көріп, сатып алу мүмкіндігін ұсыну жоспарда бар.
«Қолөнер бутигі» Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 318 мекенжайында немесе сілтеме бойынша орналасқан.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз