Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Алматыда ерекше жандар жасаған бұйымдармен «Қолөнер бутигі» ашылды

admin by admin
18 октября, 2024
Алматыда ерекше жандар жасаған бұйымдармен «Қолөнер бутигі» ашылды

MASP Artisan House қолөнер үйінде жұмыс істейтін Даун синдромы, аутизм спектрінің бұзылуы, есту проблемалары бар жандар киім, кәдесыйлар, ойыншықтар және үй бұйымдарын өндіруге ат салысады.

Байланысты

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

Алматыда «Қолөнер бутигі» өз жұмысын бастады. Ол жерде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қолымен жасалған бірегей бұйымдар бар. Бұл өнімдердің көпшілігі жарнамалық баннерлердің, былғары аяқ киімнің, джинсылар мен пайдаланылған галстуктардың қалдықтары секілді қайта өңделген материалдардан жасалған.

Жоба авторлары — Халықаралық әлеуметтік жобалар қауымдастығы (ХӘЖҚ) — ерекше таланттар үшін бутик ашу идеясының бұдан да бұрын туындағаны туралы сөз етті. Бұл бастамаға Еуразиялық банк қолдау көрсетіп, енді ұйым қабырғасында өз шоурумы ашылды.

«Біз MASP Artisan House қолөнер үйін құрған кездегі басты мақсатымыз жастарға әртүрлі дағдыларды үйретіп қана қоймай, сонымен қатар олардың өздерін таныта отырып, ақша табуға мүмкіндік беру еді. Қолөнер бутигінің ашылуы бізге орасан зор ләззат сыйлайды, өйткені бұл адамдарға біздегі ерекше жандардың не істей алатынын көрсету мүмкіндігі. Әр жанның жекелеген ерекшеліктеріне қарамастан, олардың әрқайсысының өзіндік құндылығы бар. Әр адамның бойындағы потенциал таңқаларлық нәрсе. Ең бастысы — осы потенциалды ашуға және бірегей қабілеттерді кәдеге асыруға көмектесетін жандарды табу. Бүгін біздің жас таланттарымыз қолөнер бутигінде тағы бір қолдауға ие болды және біз оның алғашқы нәтижелерін де көріп отырмыз. Көрсетілген көмек үшін Еуразиялық банкке алғыс айтамын. Осы жетістіктің бір бөлігі — Сіздерсіздер», — деп «Қолөнер бутигінің» салтанатты ашылуында ХӘЖҚ-ның атқарушы директоры Сильвия Галбиати атап өтті».

Еуразиялық банк өкілдері өз кезегінде  банк өзінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қайырымдылық бастамалар сериясы арқылы қоғамға елеулі үлес қосуға шешім қабылдағанын айтты. Солардың бірі «Қолөнер бутигін» құруға жәрдемдесу болды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Мерейтойлық жылда біз серіктестерімізге, клиенттерімізге, қызметкерлерімізге барынша пайдалы сыйлықтар сыйлау туралы шешімге келдік. ХӘЖҚ-мен бірнеше жылдан бері ынтымақтасып келеміз және жыл басында орталық басшылығынан осы жандарға қандай сыйлық пайда әкелетіні туралы нақтылаған едік. Олар қолөнер бутигін салу идеясын ұсынды және де біз оны қуана қолдадық. Мұнда әр тауарды жасауға қажырлы күш, махаббат пен талант жұмсалғандықтан олар баға жетпес құндылық іспеттес. «Қолөнер бутигінің» тек табысты ғана емес, сонымен қатар басқалар үшін шабыттандыратын үлгі болуын тілеймін», — деді Еуразиялық банктің PR коммуникациялар бағытының жетекшісі Айнур Ильчибаева.

«Бұл жоба менің қызыма жаңа мүмкіндіктер ашты», — дейді MASP Artisan House-да жұмыс істейтін 23 жастағы Дарияның анасы Марал Жумабекова. — Ана ретінде мен өнімдерді сатуға көмектесу арқылы біздің орталықты белсенді түрде қолдаймын. Көптеген адамдар біздің жәрмеңкелер ұйымдастырып, балаларымыздың жұмысын сол жерде сатқанымызды біледі. Бірақ бұл тұрақты негізде емес еді. Сондықтан мен Еуразиялық банкке біздің қолөнер бутигімізді құруға көмектескеніне зор алғысымды білдіремін. Енді қонақтардың бізге кез келген уақытта келіп, балаларымыздың туындыларын өз көздерімен көре алатынын сезіну бізді қуантады.  Диагноздарына қарамастан, олар керемет талантты және өз қабілеттерін шығармашылық пен еңбек арқылы ашады. Әр бөлігін тіге отырып, сол әр бөлікке жүрегінің бір бөлшегін салатын аса маңызды жұмысы бар екенін білу, сол жерге келу — Дария үшін өте қажет нәрсе».

Бүгінгі таңда ХӘЖҚ тек қолөнершілерді қолдаумен ғана айналыспайтынын айта кету керек.  Ұйым ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға оңалту қызметтерін көрсетеді, қиын өмірлік жағдайларға тап болған 180-ден астам отбасына көмектеседі және қауіп-қатер тобындағы және мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған кәсіптік даярлау және жұмысқа орналастыру бағдарламаларын іске асырады.  ХӘЖҚ өзінің бастамалары аясында төрт бағыт бойынша сабақ өткізеді, онда 50 жасөспірім киіз өнері, ағаш өңдеу, пішу және тігу, сонымен қатар аспаздық курстарды оқиды.

ХӘЖҚ-ның тігін ісі бойынша нұсқаушы Елена Василенко: «Балаларға жаңа дағдыларды үйрету біз үшін нағыз қуаныш. Бұл жұмыс олар үшін маңызды — олар өздерін танытады және болашақта біздің көмегімізді күтпестен өмірде өз орындарын табуды үйренеді. Бүгінгі таңда бутикте стильді сөмкелер, ойыншықтар, ДК мен планшеттерге арналған қаптамалар, кәдесыйлар мен тұрмыстық заттар секілді көптеген ерекше жұмыстар ұсынылды. Әрқайсысындағы өз диагноздарымен бұндай сұлулықты жасау қиын-ақ, бірақ олар жасау процесіне енген бойда сырқаттарын тез ұмытады. Бұл керемет шабыттандырады» — деді өз сөзінде.

Қазіргі уақытта «Қолөнер бутигінде» MASP Artisan House қолөнер үйінде жұмыс істейтін ерекше қажеттіліктері бар жандар жасаған жұмыстар ұсынылған, алайда Алматының басқа ұйымдарын тарту арқылы олардың өнімдерін қала тұрғындары да көріп, сатып алу мүмкіндігін ұсыну жоспарда бар.

«Қолөнер бутигі» Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 318 мекенжайында немесе сілтеме бойынша орналасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Министр Станислав Черчесовтің орынсыз әзіліне қатысты пікір білдірді

Келесі жаңалық

GITEX GLOBAL 2024: Huawei өндірісті цифрлық және интеллектуалды трансформациялау шешімдерін ұсынады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды
Категориясыз

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

14 мая, 2026
Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады
Басты

Бейбіт Исабаев елді мекендердегі құрылыс алаңдарын аралады

13 мая, 2026
Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді
Басты

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

13 мая, 2026
Жетісу облысына 4 жыл: жергілікті маңызы бар 1,6 мың км жол жөнделді
Басты

Жетісу облысына 4 жыл: жергілікті маңызы бар 1,6 мың км жол жөнделді

8 мая, 2026
Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды
Категориясыз

Жетісуда «Бейбіт елдің қалқаны аты мурал салынды

7 мая, 2026
Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлді
Басты

Үкімет Абай облысының жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға 2,5 млрд теңге бөлді

6 мая, 2026
Келесі жаңалық
GITEX GLOBAL 2024: Huawei өндірісті цифрлық және интеллектуалды трансформациялау шешімдерін ұсынады

GITEX GLOBAL 2024: Huawei өндірісті цифрлық және интеллектуалды трансформациялау шешімдерін ұсынады

Алматы жастары  «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Алматы жастары "Таза Қазақстан" акциясын қолдады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

9 марта, 2026
Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады

ҚР Президенті Конституциялық Кеңеске жүгінді

12 мая, 2021
Қазақстанның бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 6 648 адамнан коронавирус анықталды

4 февраля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.