Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Ауыл тұрғындарына арналған комьюнити-орталықтар немесе жаңа форматтағы кітапхана: пилоттық жоба Батыс Қазақстанның 130 мың тұрғынын қамтиды

admin by admin
17 октября, 2024
Ауыл тұрғындарына арналған комьюнити-орталықтар немесе жаңа форматтағы кітапхана: пилоттық жоба Батыс Қазақстанның 130 мың тұрғынын қамтиды

Ауыл тұрғындарына арналған комьюнити-орталықтар немесе жаңа форматтағы кітапхана: пилоттық жоба Батыс Қазақстанның 130 мың тұрғынын қамтиды

Байланысты

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

«Біз, ең алдымен, жастарды оқуға деген сүйіспеншілікке баулуымыз керек. Тек осылай ғана біз оқырман ұлт боламыз. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Егер сіз кітапхананы биік сөрелері кітіпқа толған, қатаң кітапханашылары отыратын, тып-тыныш жайлы орын деп елестетсеңіз, онда әдеттегі кітап бұрышының қаншалықты өзгергенін білгенде таң қаласыз. Бүгінгі таңда кітапханалар тек кітап алу орны ғана емес, сондай-ақ шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысуға, өзекті мәселелерді талқылауға немесе жай ғана жайлы атмосферада демалуға мүмкіндік беретін орынға айналды.

Дәл осындай көпфункционалды кеңістіктер таяу айларда Батыс Қазақстан облысындағы ауылдық кітапханаларды заманауи комьюнити-орталықтарға айналдыратын ауқымды жобаның нәтижесінде пайда болады. Олар тұрғындарға білім алуға, шығармашылықпен айналысуға және қарым-қатынасқа түсуге қол жеткізуге мүмкіндік беретін білім беру және мәдени функцияларды біріктіреді. Жаңартылған кітапханалар «өмірде үшінші орын» алады, яғни үй мен жұмыстан кейінгі бос уақыт өткізетін әрі жеке дамумен айналысатын маңызды қоғамдық кеңістікке айналады.

Батыс Қазақстан облысы елде кітапханалар саны бойынша екінші орында — мұнда 358 кітапхана бар. Жоба аясында 25 кітапхананы жаңғырту жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде ауылдық кітапханаларды жаңа заманауи білім беру кеңістігіне айналдырып, дамуға және шығармашылыққа жаңа мүмкіндіктер ашады. Мәдени дамыту арқылы өмір сапасын арттыруға бағытталған бұл жоба 130 000-нан астам адамды қамтып, өңірдің болашағы үшін маңызды қадам болмақ.

Аталмыш кітапханаларды жаңғыртудың жобасына жетекшілік ететін TANA қоры бұған дейін Алматыда осындай бастаманы сәтті жүзеге асырған болатын. 2018 жылы Жамбыл Жабаев атындағы Қалалық жасөспірімдер кітапханасы жаңартылып, бұл жер оқуға, жұмыс істеуге және іс-шараларға арналған жайлы аймақтары бар заманауи open space-ке айналдырды. Алматыда бірқатар кітапханаларды жаңғыртудан басқа, Қор Қазақстандағы тұңғыш Alatau Сreative Hub креативті хабын құрды. Бұл тәжірибе кітапханалар барлық жастағы адамдар үшін тартымды орын бола алатынын, онда тек оқып қана қоймай, қарым-қатынас жасауға болатынын, білім алып, өз таланттарын дамытатын орынға айнала алатынын көрсетті.

Батыс Қазақстан облысында жаңғырту кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. TANA қорының командасы  өлшем жасау және жергілікті тұрғындардың тілектерін ескеру мақсатында сауалнама жүргізу үшін 25 кітапханаға барды. Ең көп сұранысқа ие өзгерістердің қатарына балалар мен ересектерге арналған демалыс орталықтарын, креативті жобаларға арналған хабтарды және Интернетке қол жетімді ақпараттық орталықтарды құру кірді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Жоба аясында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі кітапханалардың үй-жайларын жаңартуға дайындау, жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ кадрлық құрамды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер алды.

Жобаның бас серіктесі «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры кітапханаларды заманауи жабдықтармен, жиһаздармен жарақтандыруға және кітап қорын жаңартуға жәрдемдеседі. 2025 жылға қарай барлық жас санаттары үшін сапалы демалыс пен білім беру инфрақұрылымын ұсына отырып, кітапхана кеңістігін толығымен қайта құру жоспарлануда. Жаңғырту нәтижесінде 9000 шаршы метрге жуық кітапхана ғимараты жаңартылып, 109 кітапханашы қайта даярлаудан өтеді. Әрбір кітапхана қазақстандық және шетелдік авторлардың әдебиетін қоса алғанда, 78 миллион теңгеден астам сомаға 800-ден астам жаңа кітаппен толықтырылады.

Кітапхана кеңістігінде шахмат, актерлік шеберлік, SMM, ағылшын тілі және басқа да бағыттар бойынша үйірмелер ашылады. Комьюнити орталықтары жергілікті қауымдастықтар, ҮЕҰ және шығармашылық бастамалар үшін кездесу орнына айналады. Мұнда суретшілер, фотографтар, музыканттар жаңа мәдени жобалар жасай алады. Мереке, Ақбұлақ, Хан Ордасы ауылдары сияқты шекаралас аудандарға ерекше назар аударылады, онда кітапханалар мәдени және білім беру өмірінің маңызды бөлігіне айналады.

Батыс Қазақстан облысындағы ауылдық кітапханаларды жаңғырту жобасы мәдениет пен білім ауыл тұрғындарының өмірін қалай өзгерте алатынын көрсетеді.  Жаңа кітапхана кеңістігі тек оқу орны ғана емес, адамдар қарым-қатынас жасай алатын, оқи алатын және дами алатын шынайы әлеуметтік орталықтарға айналады. Алматының сәтті үлгісі мұндай бастамалар халықтың әлеуметтік белсенділігін едәуір арттырып, кітапханаларға маңызды мәдени институттардың мәртебесін қайтаратынын растайды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматыда Qazaqstan IGF 2024 интернетті басқару жөніндегі екінші ұлттық форум өтуде

Келесі жаңалық

ТҰМАУ ЖӘНЕ ЖРВИ: ДӘРІГЕР ҰСЫНЫСЫ

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады
Категориясыз

Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады

15 мая, 2026
Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды
Категориясыз

Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды

14 мая, 2026
Қазақстандағы саяжай маусымы: қала сыртындағы жылжымайтын мүлікке сұраныс қалай өсті
Категориясыз

Қазақстандағы саяжай маусымы: қала сыртындағы жылжымайтын мүлікке сұраныс қалай өсті

14 мая, 2026
Келесі жаңалық
ТҰМАУ ЖӘНЕ ЖРВИ: ДӘРІГЕР ҰСЫНЫСЫ

ТҰМАУ ЖӘНЕ ЖРВИ: ДӘРІГЕР ҰСЫНЫСЫ

Жетісудағы шекаралық аймақ Жаркент қаласы тұрғындарының 65% газға қосылған

Жетісудағы шекаралық аймақ Жаркент қаласы тұрғындарының 65% газға қосылған

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев Ұлыбританияның жаңа королі ІІІ Чарльзді құттықтады

Тоқаев Ұлыбританияның жаңа королі ІІІ Чарльзді құттықтады

12 сентября, 2022
Екі апта бойы іздестірілген жезқазғандық қыз вокзалдан табылды

Екі апта бойы іздестірілген жезқазғандық қыз вокзалдан табылды

13 июля, 2021
Алматы әуежайында жануарларға арналған алғашқы арнайы аймақ ашылды

Алматы әуежайында жануарларға арналған алғашқы арнайы аймақ ашылды

28 марта, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
  • Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
  • Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.