Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасының 74 жасар пациенті үшін бүгін ерекше бақытты күн – бүгін ол ауруханадан, өз аяғымен жүріп шығады, 10 күн бұрын ол балдақпен түскен. Қарт әйел өздігінен жүре алмады, тізесі бүгілмеді, аяқтарының ауырсынулары жиі болды, кез келген қимыл-қозғалысы ауыр, тіпті балдақпен жүру оған қиын болды.
Диагноз- «екі жақты пішінін өзгертетін артроз», бұл бүкіл қиындықтардың басты себепкері немесе 4-дәрежелі тізе буынының бұзылуы; «буындардың сіресуі» — буындар қозғалысының тұрақты жеткіліксіздігімен сипатталатын патология; «тізе буынының фиброзды шорбуыны», остеопороз; сүйек құрылымының әлсіздігі. Әйелдің мүгедек болып қалу қаупі болды.
Әйел медициналық көмекке ортопедияның үздік мамандары № 7 қалалық клиникалық аурухананың ортохирургтарына жүгінді. Айта кету керек, пациент-дәрігер, аудандық ауруханада 50 жылға жуық үздіксіз жұмыс істеген.
«Алланың қалауымен 7 ауруханада емделуге келдім. Кеңес дәуірінен келе жатқан, республикамыздың түкпір-түкпірінен келген көптеген дәрігерлер үшін альма-матер аурухана. Аурухананың заманауи сәнді дизайны немесе еуропалық үлгідегі жөндеуі жоқ, бірақ науқас үшін маңызды көрсетілетін медициналық қызметтердің жақсы сапасы мен емнің жақсы нәтижесі бар. Бұл жағынан бәрі керемет, емнің нәтижесі жақсы, бақыттан қуанып, таң қалып отырмын. Дәрігерлердің, орта және кіші медициналық қызметкерлердің еңбегіне ризамын. Мен дәрігермін. Көпті көрген дәрігермін. Ауылдық дәрігермін. Мен дәрігер болу не екенін жақсы білемін. Кәсіби мамандарды бірден танимын. №7 қалалық клиникалық аурухананың ортохирургия бөлімшесінің жұмысы тәртіпке салынған, мұнда ісіне адал, жұмысқа жаттыққан ұйымшыл ұжым жұмыс істейді. Оның үстіне бұл бөлімшені республикадағы буындарды алмастыратын өндіріс деп есептеймін. Бөлімше меңгерушісі бастаған дәрігерлер бөлімшені аралауды таңғы сағат 7-ден бастайды! Әрбір науқастың жағдайын жіті бақылауда ұстайды, ұсынымдар береді. Содан кейін операцияға барады, ал емдеуші дәрігер операция арасында және кешке дейін күні бойы әр науқасты 5-6 рет қарауға келеді. Менің таңданысым, оларға деген құрметім шексіз! Мен бұл істе бірінші кезекте аурухана директоры, профессор Рамазанов Манас Ембергенұлы, сондай-ақ ортохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Байзақов Арнат Рамазанұлының еңбегі зор деп санаймын. Мен осы аурухана туралы пікірлерді оқыдым. Жағымсыз пікірлер де бар, алғыс пікірлер де көп, олар бұл жерде аурухананың абыройын жоғары көтеріп тұр. Ауруханадағы тамақ, науқас адамдарға арналған емдік тағам. Маған операция жасаған хирургтардың, анестезиологтың, мейірбикенің аялы алақандарына шексіз алғысымды білдіремін және батамды беремін.Адамға ризашылық, қанағаттану, үйлесімділік келеді, ал онымен бірге сауығу, дерттен арылу келеді» , — деп емделуші шыққан күні осындай жүрек сезімін білдірді.
№ 7 ҚКА ортохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Арнат Байзақовтың айтуынша, зейнеткерге тізе буынын жасанды буынға алмастыру- эндопротездеу операциясы жасалды. Операцияның күрделілігі қосалқы аурулардың болуынан болды: гипертония, стенокардия, өт- тас ауруы, холесцистит, панкреатит, остеопороз, олар жағдайды ушықтырып, операцияішілік және операциядан кейінгі асқынулардың пайда болу қаупін арттырды. Сонымен қатар, зейнеткердің анамнезіндегі фиброзды шорбуын, ұзақ уақыт қимылдамағандықтан, бұлшық еттер байламының қатты сымдай қатайып кетуі, иілгіш қабілетін жоғалтуы көп кедергі әкеледі.
Пациентті операцияға дайындадық, барлық қатерлер барынша азайтылды. Дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында операция сәтті өтті, операциядан кейінгі кезең бірқалыпты асқынусыз өтті.
«Пациент алғашқы күннен бастап оңалту емін алды. Ол бұлшық ет қаңқасының жұмысын жандандыра бастады. Екінші күні науқас белсенді бола бастады, ақырындап сүйеніштің көмегімен аяғына тұрды, жүре бастады.Ол қуаныштан жылап жіберді. Әйел жүрген кезде ауырсыну болған жоқ. Аяқты бүгу және жазу қимылдары қалпына келтірілді. Клиникалық жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Аурусыну белгілерінің жоқтығы, сонымен бірге, ол түнгі ауыр ауырсынудан құтылды. Ол аяғына нық тұра бастады. Тізе буынының қызметі қалпына келді. Тізе буынының сыртқа қайырылу деформациясы салдарынан болған аяқтарының қисаюын түзедік», — деді дәрігер Арнат Байзаков.
Тағы бір сеніп тапсырылған өмір -«Жетінші» дәрігерлерінің тағы бір ауруға қарсы тұрудағы- үлкен жеңісі!
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз