---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/16/%d3%a9skemende-marihuanany-sajt-ar%d2%9byly-satyp-kelgen-er-adamnan-20-mln-te%d2%a3geni%d2%a3-esirtkisi-t%d3%99rkilendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өскеменде марихуананы сайт арқылы сатып келген ер адамнан 20 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

![Өскеменде марихуананы сайт арқылы сатып келген ер адамнан 20 млн теңгенің есірткісі тәркіленді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/9c378941-0b52-4404-9f7c-b19a7e49e407.jpeg)

**Өскемен қаласының тұрғыны марихуана мен гашишті сату үшін арнайы сайт ашқан, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Тәртіп сақшылары оны ұстап, 20 млн теңгенің есірткісін тәркіледі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 32 жастағы ер адам өзі өсірген марихуана мен гашишті сату үшін веб-сайт пен танымал мессенджерлердің бірінде парақша ашқан.

![есірткі](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-10-16/2586ae33-1736-4886-9b26-8ad2205e790f.jpeg)Фото: ШҚО Полиция департаменті

> «Сол арқылы клиент тауып, төлемді алғаннан кейін есірткіні алдын ала келісілген орындарға қалдырып кетіп отырған. Оның жер үйін тінту барысында полицейлер есірткінің әр алуан түрлерін өсіруге арналған зертхананы анықтады. Жедел уәкілдер «қара нарықта» құны 20 млн теңгеден асатын 1 келіден астам есірткіні тәркіледі», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары үйден таразыларды, орайтын материалдар мен электронды құрылғыларды тапқан. Ұсталған ер адамның айтуынша, ол заттарды өсіретін тұқымдарға шетелден тапсырыс берген.

![ШҚО есірткі](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-10-16/ace8a81c-4723-4eca-8790-c5313426cba9.jpeg)Фото: ШҚО Полиция департаменті

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

*Фото: Polisia.kz*

 

---

Жарияланды: 2024-10-16T06:43:31+06:00

Жаңартылды: 2024-10-16T06:43:31+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/16/%d3%a9skemende-marihuanany-sajt-ar%d2%9byly-satyp-kelgen-er-adamnan-20-mln-te%d2%a3geni%d2%a3-esirtkisi-t%d3%99rkilendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.