Өскемен қаласының тұрғыны марихуана мен гашишті сату үшін арнайы сайт ашқан, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары оны ұстап, 20 млн теңгенің есірткісін тәркіледі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 32 жастағы ер адам өзі өсірген марихуана мен гашишті сату үшін веб-сайт пен танымал мессенджерлердің бірінде парақша ашқан.
«Сол арқылы клиент тауып, төлемді алғаннан кейін есірткіні алдын ала келісілген орындарға қалдырып кетіп отырған. Оның жер үйін тінту барысында полицейлер есірткінің әр алуан түрлерін өсіруге арналған зертхананы анықтады. Жедел уәкілдер «қара нарықта» құны 20 млн теңгеден асатын 1 келіден астам есірткіні тәркіледі», — делінген ақпаратта.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары үйден таразыларды, орайтын материалдар мен электронды құрылғыларды тапқан. Ұсталған ер адамның айтуынша, ол заттарды өсіретін тұқымдарға шетелден тапсырыс берген.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: Polisia.kz
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз