---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/14/%d3%a9tken-zhyly-%d2%9baza%d2%9bstanda-350-my%d2%a3nan-astam-e%d2%a3bek-migranty-tirkelgen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өткен жылы Қазақстанда 350 мыңнан астам еңбек мигранты тіркелген

![Өткен жылы Қазақстанда 350 мыңнан астам еңбек мигранты тіркелген](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/1cvshuwd.webp)

2023 жылы 21 мыңнан астам қандас тарихи отанына оралды, ал 350 мыңнан астам адам еңбек мигранттары ретінде тіркелді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтып берді.

> «Көші-қон процестері, әсіресе геосаяси сын-қатерлер еңбек нарығының өзгермелі құрамдас бөлігі болып саналады. 2023 жылы 21 мыңнан астам қандас тарихи отанына оралды, ал 350 мыңнан астам адам еңбек мигранттары ретінде тіркелді. Министрлік мемлекет мүддесіне сай келетін және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін теңдестірілген көші-қон саясатын құру жұмыстарын жалғастырады», — деді С. Жақыпова Мәжілісте «Қазақстанның еңбек нарығын дамыту және кадрлық әлеуетін нығайту» атты Үкімет сағатында.

Министр соңғы 6 жылда азаматтар мен бизнеске арналған көптеген сервистері бар әлеуметтік-еңбек саласының тұтас экожүйесі құрылғанын атап өтті.

> «Біздің ең жақын уақыттағы стратегиялық мақсатымыз — 2030 жылға қарай теңдестірілген еңбек нарығын құру. Онда экономикамызда 3,8 миллион сапалы жұмыс орындары болады; 1,7 миллион адамның табысы медианды жалақыдан жоғары болады; формальды емес жұмыспен қамту 15% дейін төмендейді; әлеуметтік онлайн-қызметтер көрсету индексі бойынша еліміз әлемдегі үздік ондыққа енеді», — деді Еңбек министрі.

*Фото: inbusiness.kz*

---

Жарияланды: 2024-10-14T07:42:54+06:00

Жаңартылды: 2024-10-14T07:42:54+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/14/%d3%a9tken-zhyly-%d2%9baza%d2%9bstanda-350-my%d2%a3nan-astam-e%d2%a3bek-migranty-tirkelgen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.