---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/10/11/a%d2%9bt%d3%a9bede-aliment-t%d3%a9lemegen-6-boryshker-%d2%9bylmysty%d2%9b-zhauap%d2%9ba-tartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбеде алимент төлемеген 6 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды

![Ақтөбеде алимент төлемеген 6 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/10/skolko-muzhchin-v-almaty-ne-platyat-alimenty-svoim-detyam_bizmedia.kz_.jpg)

**Ақтөбеде 2 мыңға жуық борышкер әке баласына алимент төлеуден жалтарып жүр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Биыл 6 борышкер қылмыстық жауапқа тартылып, оларға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасында 16 мың атқару өндірісі бар. Оның 10 мыңға жуығы Ақтөбе қаласына тиесілі. Соның ішінде 8 мыңнан астамы алимент берешегімен байланысты құжат.

> — Тізімге енген 1900-ден астам адам алиментті дұрыс төлемейді. Биыл сот актісі талабын орындамағаны үшін 538 борышкер әкімшілік жауапқа тартылды. Нәтижесінде 389-ы қамауға алынды, қалғаны айыппұл төледі. Биыл жыл басынан бері 20-дан астам бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Ол кезде 280 борышкер жұмысқа орналасты,- деді сот орындауышысы Нұрлан Зейнеғалиев.

Ақтөбедегі алимент өндіру кеңсесінде 15 сот орындаушысы жұмыс істейді. Биыл олар прокуратура және полициямен бірге қылмыстық жауапқа тарту ұсынысын да берген.

> — Жыл басынан бері 19 борышкерді қылмыстық жауапқа тарту ісі жолданды. Барлығы 6 борышкерге қатысты іс сотқа жолданды. Борышкерлерге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қоғамдық жұмысқа тартылып жатыр,- деді Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Қайрат Танқаев.
> 
> 
> 
> 
> Фото: Bizmedia.kz

---

Жарияланды: 2024-10-11T10:42:48+06:00

Жаңартылды: 2024-10-11T10:42:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/10/11/a%d2%9bt%d3%a9bede-aliment-t%d3%a9lemegen-6-boryshker-%d2%9bylmysty%d2%9b-zhauap%d2%9ba-tartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.